Бекболат Тілеухан «Алтын тұлпар» Атырауда өтеді деген қауесетке жауап берді

4714

Соңғы кезде әлеуметтік желіде дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі биыл Атырауда өтеді деген қауесет тараған болатын. Осы ақпараттың анық-қанығын білмек болып Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Қанайұлынан сұраған едік.

Оның айтуына қарағанда «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі жылдағыдай дәстүрлі түрде Астана маңындағы Қабанбай ауылында өтеді.

«Алтын тұлпар» Атырауда өтеді деген жаңсақ пікір. Жылдағы дәстүр бойынша қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде Қабанбай ауылында өтеді. Биыл бәйге Астананың 20 жылдығына арналып отыр» — дейді Қауымдастық президенті.

Бірақ, Бекболат Тілеухан Атырауда да айтарлықтай бір аламанның өтетінін жасырмады.

«Атырауда басқа сайыс өтеді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өтінішімен ұлттық спорт түрлерінен көлемді шара ұйымдастырмақшымыз. Осы кезде аламан болатыны анық» — дейді ол.

Оның айтуына қарағанда аламанның уақыты, қанша шақырымға созылатыны және жүлде қоры әзірге анық емес.

«Бұл ұсынысты бізге облыс басшылығы жасап отыр. Қазір келіссөздер жүріліп жатыр. Дегенмен аламан қанша шақырымға шабатыны, бәйге қоры қандай болатыны әзірге нақтыланған жоқ. Алла бұйырса, алдағы уақытта бұл туралы толығырақ айтатын боламыз» — деді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.