Елбасы «Equus: Жылқы тарихы» фильмін тамашалады

3503

Мемлекет басшысы «Equus: Жылқы тарихы» атты деректі фильмнің көрсетілімін тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті «Equus: Жылқы тарихы» атты деректі трилогияның екінші бөлімінің таныстырылу рәсіміне барды. Фильмді режиссер, антрополог Найоби Томпсон мен қазақстандық продюсер, зерттеуші Нұрбол Баймұханов жетекшілік ететін канадалық топ еліміздің аумағында түсірген. Бұл фильмге құрамына отандық суретшілер, әртістер, каскадерлер, дублерлер мен безендірушілер енгізілген шығармашылық топ тартылып, америкалық композитор Даррен Фангтің музыкасы пайдаланылды.

5ed9115d6aaff9baec705564162f9602

Деректі фильмде тіршілігі жылқының қолға үйретілуіне байланысты өрістеген Қазақстан аумағындағы ежелгі мәдениеттер кезеңдері ғылыми-зерттеу жұмыстары мен заманауи ақпараттық технология негізінде қайта жаңғыртылған. Бұл үдеріс адамзат коммуникациясына қатысты жаңа жүйенің қалыптасуын айқындап, көші-қонның жандануына және ежелгі мемлекеттердің пайда болуына жол ашты.

9df0810795631e8ee064f9b848a2f6a8

Деректі трилогия 2019 жылғы наурызда 50 елдің, соның ішінде Канаданың (CBC), АҚШ-тың (PBS), Германияның (ZDF), Францияның (ARTE), Данияның (DR) және Қазақстаның («Qazaqstan» РТРК) ұлттық телеарналарында көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

88da5a735725d3e60b8ee46f9cff2049

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жаңғыртылған Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық «Қазмедиа орталығы» технологиялық кешенімен толықтай біріктірілген әрі соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған көпфункциялы медиа алаң саналады.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.