Астанада атты полицейлер қызмет етеді

4844

Астана қаласының ІІД жол-патрульдік полиция полкінің кавалериялық взводы қаланың шетінде, саяжайлар мен саябақ аумақтарында күн сайын рейд өткізеді. Атқа мінген тәртіп сақшылары патрульдік машиналар өте алмайтын жерлерде қызмет атқарады.

Астанадағы атты полиция 1992 жылы құрылды. Осы күнге дейін көптеген әкімшілік бұзушылықтар мен ауыр қылмыстар ашылды. Жыл басынан бері атты полициямен 700 жуық бұзушылық тіркелді.

Полицейлер жұмысына таңғы 7-ден бастап дайындалады, аттарын тазалап, тамақтандырады. Күн сайын атқа мінген 12 қызметкер жұмысқа шығады, белгіленген маршрутты 2 полицей патрульдейді.

Ат қорадағы 80 жылқының тұқымы әртүрлі – ахалтеке, буденный, ағылшын, қостанай және т.б. Әр қызметкерге 2 аттан келеді

Полицияның кіші сержанты Еркебұлан Ахметкәрімовтің атты полицияда істегеніне бір жылдан асты. Осы уақыттың ішінде ол 128 әкімшілік хаттама толтырған.

– Органдарда қызмет етуді кішкентайымнан армандағам, менің ағаларым да органдарда істейді, Мен солардың жолын қумақ болдым. Атты полиция туралы алғаш рет тағылымдамадан өткенде білдім. Бала кезімде атпен жүретінмін, балалық шағымды еске түсіргім келді, — дейді ол.

Еркебұланның айтуынша, бұл жұмыстағы ең басты нәрсе – атпен байланыс орната білу. Кейіпкеріміз маршрутқа серіктері Ракетамен және Каскадпен шығады.

— Жылқы – сезімтал жануар, егер адам аттан қорықса, ол оны жолатпайды. Ал керісінше, қорықпай, сипап, оған күтім көрсетсең, бәрі де жақсы болады, байланыс орнайды.

Мен аттарды жақсы көремін, жандарында жүргенді ұнатамын,- дейді тәртіп сақшысы.

 Атпен патрульдеу тек жылы кезде ғана жүргізіледі, қыста рейдтер жаяу жүзеге асырылады. Аттар орта есеппен 18-20 жыл бойы қызмет етеді.

astana.gov.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.