Азия чемпионаты. Көкпардан Моңғолия құрамасы финалға шықты

3470

Елбасы бастамасымен жарияланған Жастар жылы аясында Алматыда байрағын көтерген Жастар арасындағы І Азия чемпионатының үшінші күні де Моңғолия құрамасы жеңіспен бастады.

Көкпар бәсекесінде Б тобында ойнаған Моңғолия, Қытай, Ресей және Тәжікстан құрамалары арасында моңғолиялық тастақым жігіттердің жұлдызы жанды. Бұған дейін екі қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан баянөлгийлік бауырларымыз, топтағы үшінші үзеңгілестері – Ресей құрамасынан да ат шоқтығын асырды.

Ойынның алғашқы бөлігінде-ақ өлгейлік өрендер есепті 4:0-ге жеткізді.

10 минуттық үзілістен соң көк серкеге қол салған сайыпқырандар тартысты ойын көрсете білді. Ресейлік бозымдардың тақымынан көкпарды тартып алып, шеңберге шиырған жастар көрермендердің делебесін қоздырды.

Сонымен, моңғолиялық команданың жеңісімен аяқталған додада есеп 5:3-ке тең болды.

21 сәуір күні Моңғолия мен Қазақстан ақтық сында жолығады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылындағы «Байсерке» атшабарында «Жастар жылы» аясында Жастар арасында І Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионатқа Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан секілді жалпы жиыны 10 мемлекеттің спортшылары бақ сынауда.

Алғашқы Азия чемпионаты Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату қатарлы төрт спорт түрінен өзара мықтыны анықтап жатқан сайыс 21 сәуір күні аяқталады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.