Құрғақ Saumal-дың пайдасы

4128

Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Ежелден ата-бабаларымыз оның адам ағзасына пайдалы, түрлі ауруға ем, дертке шипа екенін білген. Соңғы жылдары, әсіресе кешегі пандемия кезінде саумал ішетіндер көбейді. Иммунитетті нығайтады деп сенетін жұрт биебаудың басына ағыл абастады.

Бірақ биені тек 6 ай ғана сауады.

Қазір нарықта құрғатылған, ұнтақталған немесе капсуладағы бие сүті пайда болды. Табиғи, жаңадан сауылған саумалдан айырмашылығы жоқ деуге болады. Немістер ойлап тапқан технологиямен жасалатын өнім – емдік және пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды екен.

Елімізде құрғақ табиғи бие сүтін өндіретін «Евразия Инвест Ltd» ЖШС-нің зауыты бар. Ол Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылы маңында орналасқан. Қазір «Евразия Инвест Ltd» ЖШС күніне 600-ден аса бие сауады. Тәулігіне 3 мың литрден аса сүт сауылады.

Saumal отандық бренді елімізде ғана емес, сондай-ақ Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Малайзия және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елдерінің тұтынушыларына жақсы таныс.

Сүттің сапасы жоғары, өйткені сауылатын биелер «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағымен шектесетін жайылымдарда жайылады.

Өнім сублимация әдісімен өндіріледі. Жаңа сауылған бие сүті +36 градустан +4-ке дейін салқындатылып, бірден -50 гардусқа дейін мұздатылады. Одан кейін екі тәулік бойы сублимация процессі жүреді. Сосын вакуумдағы сүт қатты күйден сұйық күйге жетпей бірден құрғатылады. Осылайша 200 литр бие сүтінен 19 келі дайын өнім алынады.

Дайын өнімнің 3 ас қасығын (20-22 г) бір стақан (200 мл) жылы суға салып еріту қажет. Өндірушілердің айтуынша, бұл сусын шелегі жерге тимеген, жаңа ғана сауылған бие сүтінен кем түспейді. Құрамы мен маңыздылығы 90 пайызға сай келеді.

Бие сүті құрамы мен қасиеті бойынша ана сүтіне барынша жақын болады. Өйткені екеуі де альбумин тобына жатады. Яғни екеуінде де казеинге қарағанда сарысу ақуыздары басым. Ал өзге үй жануарларында казеин көп. Бұған қоса жылқы мен адамның ас қорыту жүйелері өте ұқсас: екеуінің де бір камералы асқазанның пішіні бірдей. Айта кетейік өзге шөпқоректі жануарлардың асқазаны көп камералы болады.

Сондай-ақ құрғақ табиғи бие сүті адам ағзасына қажетті 40-тан астам пайдалы зат, элемент және дәруменге бай. Құрамында А, С, В1, В2, В6, В12 витаминдері, аминқышқылдар, ферменттер мен микроэлементтер, төмен молекулалы пептидтер, лактоальбуминдер мен глобулиндер бар. Онда ақуыз, май, минералдар 2 есе аз, сиыр сүтіне қарағанда лактоза 1,5 есе көп. Сондықтан бұл өнімді бір жастан асқан балаларға қосымша тамақ ретінде беруге болады.

Қарттарға да пайдасы мол. Ол сүйектерді нығайтып, асқазан жұмысын реттейді. Қан қысымын жақсартып, көптеген аурудың алдын алады.

Спортшыларға да таптырмас өнім. Saumal жаттығулардан кейін ағзаның тез қалпына келуіне көмектеседі. Бұлшықет жасушаларын жақсартып, ауырсынуға сезімталдықты төмендетеді.

Сондай-ақ ақ ұнтақтар фармакология мен косметология өндірісінде де кеңінен қолданылады.

Жаңа сауылған бие сүті өзінің пайдалы қасиеттерін 2 сағаттан кейін жоғалтса, құрғақ ұнтақталған бие сүтін бір жыл бойы сақтауға болады.

Нұриддин Бидосов, журналист

Argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.