«Жәнібектің Көкдөнені» күйі

11942

Биыл даңқты батыр, қара сөздің хас шебері, Абылайдың оң тізесінен орын алған Ер Жәнібек Бердәулетұлының туғанына 300 жыл толды.

Осы ретте Моңғолиядағы азғана қандастарымыздың ішінен шыққан күй зерттеушісі Сақай Қарсыұлының «Жәнібектің Көкдөнені» күйі жайлы зерттеу-естелігін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Күй авторының кім екенін толық біле алмай отырғандығымыз. Ал орындаған Баян-Өлгей қалалық ұлт аспаптар оркестрі.

Арғымақ.кз

846469_13958196981970 жылы жазғы демалысымда Өмнөголға* барып, Ш.Әбілмәжіндікімен бірге жайлап отырдық. Бізге жақын жерде ақын Ақтан Бабиұлының үйі бар, бие байлап отырады. Екі-үш күннен соң (16, VIIІ) Ақаңа сәлем беруге, әрі күйлер тарихынан әңгіме тыңдамаққа сол үйге бардым. Ақаңның қымыз ішіп отырып айтқан әңгімелерін белгілеген дәптерлерімді енді парақтап көргенімде «Жәнібектің көк дөнені» туралы былай деген екен.
— Ежелден атысып-шабысып келген қазақ пен жонғар арасында 1723 жылдары болған соғыста қазақ жеңіліп, қырғыннан қалғаны қуғынға ұшырап, әйгілі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» зобалаңынан екі-үш шумағын айтқан Ақаң әңгімесін былай жалғастырыпты.
— Сол қасіретті оқиға кезінде Орта жүздің құрамныдағы біраз керей рулары «Сабырбай шөлін» баспай сулы-отты жерлерді қуалай ұзақ көшіп Сарыарқаға жетіп, сонда бірнеше жыл мекендейді. Бірақ, жоңғарлар бұл арада да маза бермесе керек. Ақыры ел отағасылары «Қытай деген патшалы ел бар, Алтай деген «иен» жер бар дейді: Соны іздеп тауып қоныс шалып қайтыңдар» деп Бердәулетұлы Жәнібек пен Қотырақ батырды аттандырады.
Жәнібек батыр талай жорықтарда жан серігі болған Көкдөненін мініп жолға шығады. Екі батыр жер шалып, Сауырға дейін келеді. Осы жерде бір нәрсеге келіспей қалған батырлар екі айырылады. Сауырда «Дуан» деген қала, «Қала тал» деген құй батпақты сазды жер бар екен. Қотырақ батыр сол Қараталдың құйына қараңғыда абайсыз түсіп өледі. Ашуы қайтқан Жәнібек Қотырақты ізімен іздеп келсе құйға батып кеткен екен дейді. Қотырақ батрыдың сүйегін құйдан шығарып, Қаратал бойына жерлеген Жәнібек «Есім барда елімді табайын» деп, елге қайтып жолай шешек шығып, әрең жетсе керек. Бұл, сол Жәнібектің аты «Көкдөненге» арналып шығарған күй – деп, тарихтан біраз шежіре шерткен екен.
Ақанның «Көкдөненге» қатысты әңгімесін Қ.Соянның мына сөздері толықтырар деп ойлаймын.
— Керейдің батыры Бердәулетұлы Жәнібек 1730 жылдар шамасында өзінің аз ауыл Абақ-керейлерін қазақ елінің Россияға қосылуы процесінен алып қашып, «Жетішімен» деген Қытай өлкесіне алып келеді. Ол жер өте ыстық екен. «Қантышқақ» деген ауруға ұшырап мал да, адам да қырыла бастайды: Ел бастаушы батыр Жәнібек елін Алтай тауларының салқын өлкесіне көшіреді. «Тозған елге топырақ та соққы»» дегендей әбден жүдеген, қырылғаннан қалған аз елдің мал-мүлік түгіл өз бастарын алып жүруі қиынға соғады. Әлді жігіттерден жасақ құрып, елдің алдын Алтайға жеткізген Жәнібек қайта айналып қалғандарын тағы жинап алдыңғы елге қосу арқылы Алтай сілеміне елін жеткізіп тынады.
Бірақ осы жүріске жан серігі болған «Көкдөнен» шыдаса да Жәнібек өзі шыдамапты. Жаңа қонысқа елдің алды еркін ілінбей өзі қайтыс болады. Сөйтіп Жәнібек батыр талай жорыққа шыққанда шалдықпаған, соңғы ұзақ жүріске де мойымаған «Көкдөненнің жүрісі» атты беймәлім күйші домбыраға түсірген екен. Кейбіреулер төрт орынның бірі – Бейсембі (Бежен) би шығарған деп те айтады – дейді, Соян Қажыбайұлы.
Бұл күйдің авторы туралы «бәлен еді» дерліктей дерек кездестіре алмадым. Әйтеуір тарихта белгілі Жәнібек батырдың «Көкдөнен» деген аңызға айналған тұлпар тектес аты болғаны анық.
«Көкдөнен» бірнеше бөліктен тұратын өзге халық күйлерінен гөрі құрылымы өзгешелеу күй. А.Қабыкейдің аталмыш жинағында «Көкдөненнің аяңы», «Жәнібек шап! Жәнібек шап!», «Ауыздықпен алысқаны», «Қызған кездегі ойқастай шапқаны», «Әбден еті қызған кездегі шабысы» деген бес бөліктен тұратын күрделі күй ретінде ноталанған.

Сақай Қарсыұлының «Күй керуені» кітабынан

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.