Қазақстан чемпионаты. Топ бәйгеде топжарғандар

2229

Алматыда Республика күні мерекесіне орай өтіп жатқан аламанда топ бәйгеге 9 жүйрік қатысты.

Ала жаздай ел бойынша өңір-өңірді аралап, кіл жүйріктен бір жүйрікті анықтауды мақсат еткен ҚР Бәйге федерациясы бірнеше өңірде аламан өткізген болатын. Бүгін соның «нүкте қояр» бәйгесі Алматы облысы Талғар ауданына қарасты «Байсерке» ипподромында өтіп жатыр.

Бәйгенің төрт түрінен (құнан, топ бәйге, аламан, ұлы аламан) сынға түсуге еліміздің Астана мен Алматы екі қаласымен қатар Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Абай және Жетісу облысы қатарлы 11 өңірінен өңшең саңылақ, шашасына шаң тимес сылаңторылар жиналды.

Аламаның тұяққыздырары құнан бәйгемен басталып, топ бәйгемен жалғасты.

18 шақырымға жалғасқан бәйге жолына шыққан 9 аттың бір-бірінен кемі жоқ. Десе де, жүйріктен жүйрік озар жарысқанда дегендей, бәйгені жеңімпазы болары сөзсіз. Ендеше, топтан торай шалдырмас 9 аттан топ жарған төртеуін таныстырайық:

4-орын: Түркістан облысынан келген «Батыр» атты сәйгүлік. Шабандозы – Арнұр Саматұлы, ат иесі – Самат Рустамұлы, бапкері – Сикош Қазбеков. Жүлдесі — 500 000 теңге.

3-орын: Алматы облысының «Бабур Амир» атты жүйрігі. Шабандозы – Нұрбол Тоқтанай. Ат бұған дейін екі құнаны жүлделі болған «Бейбарыс» шаруа қожалығына тиесілі. Бапкері – Еділ Құсайынов. Жүлдесі — 800 000 теңге.

2-орын: Қарағанды облысынан келген «Алатау» атты жүйрік. Шабандозы – Мирлан Нұрболатов, ат иесі – Байбатыр Бауыржанұлы, бапкері – Сұңғат Шыңғысов. Жүлдесі — 1 500 000 теңге.

1-орын: Алматы облысының «Суықтөбе» атты сәйгүлігі. Шабандозы – Абзал Мұратұлы, ат иесі – Дәурен Серіков, бапкері – Мұрат Арықбаев. Жүлдесі — 4 000 000 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Республика күні мерекесіне орай өткен аламанда құнан бәйгеден озып келген жүйріктер жайлы жазған болатынбыз.

BAQ.KZ

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.