2022 жылғы еліміздегі жылқы саны

2204

Жылдағы дәстүрмен Argymaq.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігіне сауал жолдап, 2022 жылғы жылқы санын сұратқан болатын.

АШМ-ның Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан алынған ақпаратқа сәйкес 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жылқы саны 3 млн 650 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырған 12,1%-ға көбейген.

Жылқы санының өсімі бойынша бұған дейінгі жылдары алғашқы орынды бермей келген ШҚО (465,6 мың жылқы – 2021 жыл) биыл кейіндеп қалған екен. Оның басты себебі, әрине Абай облысының бөлек шығуы. Өңірдегі қылқұйрықтың саны – 313 мыңнан асып жығылады. Бір қызығы, өткен жылдарда да алдыңғы үштікті бермей тұрған Қарағанды облысы (422,2 мың жылқы – 2021 жыл) Ұлытау облысының еншісін берсе де үздік үштіктен түспеген екен. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ІІІ орынға тұрақтаған Қарағанды облысында әлі де 302 мыңнан астам жылқы бар.2021 жылдың көрсеткішінде үштікті түйіндеген Алматы облысы (397,4 мың жылқы – 2021 жыл) биыл алғашқы бестіктен де көріне алмай қалған екен. Жетісуды жеке шығарған өңір еншіге көп беріп қойғанға ұқсайды.

Бұған дейін 2017, 2018, 2019, 2020 және 2021 жылғы жылқы саны бойынша ақпарат берген болатынбыз.

Сонымен 2022 жылы жылқы саны бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы топ жарды. Мұндағы қылқұйрықтар саны – 397041, екінші орында 313 мыңмен Абай облысы тұрса, үздік үштікті 303 мың жылқымен Қарағанды облысы түйіндепті.

Ел бойынша 2022 жылдың 11 айында 3650744 жылқы саналды. Оның ішінде:

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – 2022 жылы 270356 ал 2021 жылы – 228853 жылқы;

Жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары – 2021 жылы 1619828 болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1847689 жылқы;

Жұртшылық шаруашылықтары – 2021 жылы 1407467 көрсетсе, 2022 жылы бұл саладағы жылқы саны 1532699 жылқы санатқан.

Жылқы санының өңірлердегі көрсеткіші:

2021 жылғы жұттың салдары кей өңірге анық білінді. Оны биылғы құлынның туу көрсеткішінен де байқауға болады.

Өліп өскен мал жақсы, өлмей өскен жан жақсы дегендей, мал іші болған соң өлім-жітімсіз болмай тұрмайды. 2022 жылы еліміз бойынша 4,4 мыңнан астам жылқы шығыны болған.

Әзірге біздің қолымызға жылқы етінің экспорты мен импорты туралы мәлімет тиген жоқ. Алдағы уақытта ол туралы да толық ақпарат беретін боламыз.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.