Елімізде алғаш рет жылқы туризмінен спорттық разряд берілді

1110

Қазақстан тарихында алғаш рет спорттық туризмнің салт аттылар бағыты бойынша спорттық дәреже тағайындалды.

«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес бірқатар спортшыларға, спорттық дәрежеге тапсырған мамандарға түрлі деңгейдегі спорттық дәреже берілді.

Олардың қатарында Ұлттық ат туризмі федерациясының мүшесі – At-travel клубының мамандары да бар.

Бұл еліміздің туризм саласындағы, соның ішінде жылқы туризмі саласындағы тарихи сәт деуге болады. Бұған дейін нақты жылқы туризмі саласынан «Спорттық туризм» бойынша дәреже (разрияд) алған ешкім жоқ.

Сонымен ел тарихында алғаш рет «ІІ разрядты спортшы» дәрежесін Ұлттық ат туризмі федерациясының президенті, At-travel клубының негізін қалаушы Берік Ақылбеков алды. 

Біраз жылдан бері салт атпен сапар шегуді қолға алып келеміз. Басты мақсат – Қазақ даласында салт аттылар санын көбейтіп, жылқы мәдениетін дәріптеу. Жас ұрпақтың атқа мінуге деген қызығушылығын арттыру. Ұланғайыр даланы осы жылқы арқылы бүгінгі бізге қалдырған бабалар аманатына адал болсақ дейміз. Жұмыс енді басталды. Жылқы туризмін дамытсақ деген ниетіміз бар. Әзірге нәтиже жаман емес, десе де атқарар жұмыс әлі де алда – дейді Берік Ақылбеков.

Ұлттық ат туризмі федерациясының ұйымдастыруымен At-travel клубының мүшелері 2016 жылдан бері еліміздің бірнеше облысының аумағында үнемі салт аттылар сапарын ұйымдастырып келеді. Басқасын айтпағанда 2021 жылдың жазында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Бозоқтан Жидебайға дейін 1000 шақырымды салт атпен жүріп өткен болатын. Бұл сапар да Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең алғашқы ең алыс сапар болғанын айтып өткен жөн.

Бүгінгі таңда At-travel клубының мүшелері еліміздің Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, БҚО, ШҚО, Жетісу облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында салт атпен сапар шегіп жүр.

BAQ.KZ

1 comment

  1. Ат спорттық туризмінен алғаш рет спорттық дәреже қорғалады — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 11 Мамыр, 2023 at 18:20 Ответить

    […] Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін At-travel клубының жетекшісі Берік Ақылбековтің алғаш рет ат-спорттық туризмнен дәреже қорғағаны туралы жазған болатынбыз. […]

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.