«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені

1565

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорнының негізгі миссиясы – адамдарға қасиетті жылқы малымен қарым-қатынас пен үйлесімдік арқылы өздеріне сенуге, өз мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесу.

Естеріңізде болар біздің кешен ресми түрде былтыр, 2022 жылдың 25 қазанында, Республика күніне орайластырып ашылды. Сол кезде, «Арғымақ» толық қуатта 2023 жылдың көктемінен бастап жұмыс істейді деп жарияланған болатын. Сол уәдеде тұру үшін тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр – дейді «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені басшысы Арман Мусипов.

«Арғымақ» — Астана қаласының шетінде, халыққа бұрыннан белгілі «Қазанат» ипподромының жанында, Қарқаралы тас жолының бойында орналасқан. Қала сыртында болғанымен, орталықтан 15-20 минуттық жерде. Кешеннің орналасу орны өте ыңғайлы. Жылқылардың тыныштығы мен келушілер үшін жолдың жақындығы маңызды.

Кешен аумағында жылқыларды ұстауға тамаша жағдайлар жасалған кең, жарық үш ат қора бар. «Арғымақтың» негізгі байлығы – бұл кез келген деңгейдегі ат спорты бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін спорт ғимараттары. Сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі контингент үшін иппотерапия әдісі бойынша елде баламасы жоқ, бірегей орталық.

Бір сөзбен айтсақ, «Арғымақ» — Қазақстандағы ең ірі көпсалалы ат спорты-сауықтыру кешен.

Сауықтыру кешені маңында негізгі 3 нысан орналасқан:

Негізгі жабық манеж алаңы, биіктігі 12 метр, аумағы 40х80 метр және манежалды алаң 40х40 м, 600 орындық трибуна (оның ішінде мүгедектерге арналған 60 орын), төрешілер орны. 50 жылқыға арналған, барлық жағадай жасалған денниктер. Екінші қабатта VIP аймақ (15 орындық трибуна және демалыс бөлмесі), мультимедиалық құрылғылары бар 150 адамдық конференц-зал, әкімшілік бөлмелер орналасқан.

Ашық конкур алаңы, 70х100 м., 1232 кісілік трибуна (оның ішінде мүгедектерге арналған 120 арнайы орын), төрешілер орны және т.б.

Әр қайсысы 50 атқа есептелген 2 ат қора.

Мұндағы жұмыстарды негізгі үш блокқа бөлуге болады:

1-блок – Емдеу-оңалту. Иппотерапия

Ат спорты-сауықтыру кешені елордада балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына ықпал етеді. Толық қуатта иппотерапия орталығы биыл көктемде жұмысын бастайды.

Нақтырақ айтсам, қазіргі уақытта аттарымызды қабылдап, дайындап жатырмыз. Бұл жерде аттардың рөлі ерекше. Оларға қойылатын талаптары бар. Аттар ерекше балалар контигентімен жұмыс істегендіктен мінездері жайлы, аласа бойлы болуы міндетті – дейді орталық басшысы.

Елордада 7,1 мың мүгедек бала бар, олардың бір мыңға жуығы денсаулық жағдайы бойынша және диагнозға сәйкес иппотерапиямен айналысу қажет. Балалар бейімделгіш ат спортымен шұғылдана алады және жарыстарға, оның ішінде арнайы олимпиада аясында қатыса алады.

Иппотерапия — адаптивті атпен жүру арқылы оңалту әдісі. Иппотерапияның бірегейлігі балалардың психикасына әсер етудің денеге бағытталған әдістерінің үйлесімінде жатыр. Емдік атпен жүру баланың денесіне биохимиялық әсер етеді, оны нығайтады.

2-блок – Ат спорты.

Балалар мен ересектерді атқа мінуге үйрету, түрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені құрылысы, ғимараттары, спорт алаңдары халықаралық стандарттарға сәйкес, замануи технологияларды қолдана отырып жүргізілген. Сондықтанда, ат спорты кешенінің алаңында республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі турнирлер мен спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіншілік бар.

Бұл сәйкесінше еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына ықпал етеді.

3-блок – Спорттық-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

Ат-спорттық сауықтыру кешені өзін халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізетін кәсіби ат спорты клубы ретінде ғана емес, сонымен қатар толыққанды демалу және бос уақытты өткізу үшін беделді орын ретінде көрсететіндіктен, кешен құрамында спорттық-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға, өткізуге болады.

Яғни, біз тек ат спортымен айналысатындарды ғана емес, басқа қала тұрғындарын да ұмыт қалдырмаймыз. Біздің орталықта отбасылық, корпоративтік демалысты жақсы өткізуге барлық жағдай жасалатын болады. Мәселен, Ат спорты бойынша үйірмелер ашу ойымыз бар. Сонымен қатар, туристік маршруттар ұйымдастырып, ұлттық спорт түрлерін дамытуға күш салмақпыз. Отбасының барлық мүшесі үшін ойын-сауық қызметтері мен белсенді бос уақыттың әртүрлілігі «Арғымақ» кешенінің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторларының бірі – дейді Арман Мусипов.

Сонымен қатар, орталықта өндірістік-шаруашылық жұмыстары жүргізіледі. Мысалы;

— ат үйрету, оның ішінде асау атқа бас білдіру;

— аттарды арнайы дайындау;

— аттарды күту, ветеринарлық бақылау, жылқыларды тасымалдау және т.б. жұмыстарды атап өтуге болады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!