Конкурдан «Арғымақ» кубогы өтеді

1285

Елорда да 26 ақпан күні Ат спорты бойынша «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің кубогы өтеді.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 000 000 теңге. Жарысқа конкурдың 5 түрі бойынша 50-ге жуық спортшы қатысуы мүмкін.

Бірінші санат – «Балалар санаты». Кедергілердің биіктігі 110 см-ге дейін.

Екінші санат – «Дөнендер категориясы». Кедергілердің биіктігі 100 см-ге дейін.

Үшінші санат – «Бесті аттар». Кедергілердің биіктігі 120 см-ге дейін.

Төртінші санат – «6 жастан жоғары». Кедергілердің биіктігі 125 см-ге дейін.

Бесінші санат – «Еркін категория». Биіктігі 130 см.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Бұл іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, Астанада және Қазақстан Республикасында ат спортын насихаттау және дамыту. Адамдарды белсенді әрі салауатты өмір салтына тарту құралы ретінде ат спортының ойын-сауықтарын арттыру. Сонымен қатар, келешегі зор шабандоздар мен жылқыларды анықтау – дейді Олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов.

Одан бөлек, Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, 8 наурыз күні әйелдер арасында конкур жарысы өтеді. Жарысқа 30-ға жуық шабандоз қатысады деп болжанған. Жарыстың жалпы жүлде қоры 6 млн теңге. Олар 3 санат бойынша сыңға түседі.

Көптеген іс-шара, оның ішінде ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстар алда келе жатқан Наурыз мерекесіне орайластырылып өткізілмекші.

Мәселен, «Қазанат» ипподромында 22 наурыз күні солтүстік аймақ ойыншылары қатысатын Көкпар өткізіледі. Оған Астана, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай қалалары мен Ақмола облысының командалары қатысады. Бұл шараның жүлде қоры 19,5 млн теңге. І орын – 10 млн теңге, ІІ орын – 6 млн теңге, ІІІ орын – 3,5 млн теңге көлемінде сыйлық алады – дейді Аманжол Хасенов.

Жалпы ат спорты жарысының өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары бар. Мысалы, ресми жарыстарға келетін жылқылардың денсаулығына қойылатын ветеринариялық талаптар қолданыстағы ветеринариялық заңнамаға және ветеринариялық ережелерге сәйкес келеді.

Жарысқа келген әрбір жылқы биылғы және өткен жылғы ветеринариялық бақылауы бар ветеринариялық паспортпен қамтамасыз етілуге тиіс. Жылқы иесінде Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының ұлттық спорт паспорты болуы тиіс. FEI талаптарына сәйкес (жылқы сипаттамасы, иесінің вакцинациялары туралы ақпарат, қан анализі – Argymaq.kz). жүйріктер Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясында тіркелуі, ұлттық жылқы паспорты болуы керек – дейді Олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.