Министр: Шетелде саумалға сұраныс жоғары

920

Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қазақтың дәстүрлі сусындары қымыз және шұбат, терең өңделген өнімдер – бие мен түйенің құрғақ сүтін экспорттау мәселесін түсіндірді.

Ол өзіне онлайн-қабылдауға жазылған азаматтың мәселесіне қатысты, оны шешу жолдарын түсіндіру барысында айтты.

Оның сөзіне қарағанда ұнтақ сүт шығаратын өндірістің барлық жағдайы жасалған.

Өнім неміс стандарттары бойынша сертификатталған ең жаңа технологиялар бойынша шығарылады. Бизнесі мықты, экспортқа бағдарланған, Alibaba алтын шотының иегері. Бір сөзбен айтқанда, экспорттық акселерацияның мемлекеттік бағдарламасының лайықты өкілі – дейді министр.

Олай болса, оған не қажет?

Әрине жаңа нарық қажет. Кәсіпкер бүкіл әлемді қамтығысы келеді: ол өз өнімін АҚШ, ҚХР, ЕО елдерінің нарығына өткізуге мүдделі. Мәселен, ҚХР түйе сүтін өткізу процессі жолға қойылған, ол жерде ұлттық стандарт бар, ал саумалға байланысты жағдай басқаша. Өнім Түркия мен ЕО елдерінде өндірілмегендіктен сүт өніміне теңестіріледі. Сондықтан әр мемлекет өз елінің өндірушісін қорғауға тырысады. Сәйкесінше, сүт өнімдерін әкелу үшін қойылатын импорттық баж көлемі жоғары. АҚШ-та кейбір жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді әкелуге уақытша шектеулер қойылған, оның ішіне саумал мен шұбат енген – дейді Серік Жұманғарин.

Ал бие сүтіне негізделген өнімдерге деген сұраныс пен олардың танымалдылығы әлемде күн санап өсіп барады.

Түркия мен ЕО елдеріне саумалды әкелуге қойылатын импорттық баж салығын төмендету мәселесі келіссөздер процесіне негізделеді. Өнімге жеке ТН ВЭД коды берілгеннен кейін осы бағыттағы жұмысты әрі қарай ілгерілетуге мүмкін болмақ. Онымен Сауда министрлігі айналысып жатыр. Бұл ұзақ және жүйелі жұмыс, оңтайлы шешім қабылданған жағдайдың өзінде тауарлық номенклатура бес жылда бір рет жаңартылады. Келесі жаңару кезеңі 2028 жылға келіп тұр. Аталған код берілгеннен кейін ғана Түркия мен ЕО елдеріне саумалды әкелуге қойылатын қолайлы импорттық баж салығын талқылауға болады – дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мемлекеттің бизнеске қолғабыс ету қажеттілігінің мысалы.

Мен кәсіпкерді қыркүйек айында Үрімші көрмесіне шақырдым, ол жерде ҚХР мемлекеттік органдарының өкілдерімен саумалдың ұлттық стандарттарын әзірлеу мүмкіндігін егжей-тегжейлі талқылауға болады. Біздің өнімді экспорттық нарықтарға шығару мүмкіндігін жеделдету үшін АҚШ елшіліктерімен және ЕО мемлекеттік органдарымен жұмысты жандандырамыз. Саумал мен шұбат өнімдеріне деген сұраныс жоғары, бие сүтінің, әсіресе емдік және балалар тағамына арналған өнім ретінде танымалдығы шетелде артып келе жатқаны анық – деді министр.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.