Алматыда Жастар чемпионаты өтті

2338

23 маусымда басталған ҚР Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 30 маусымда аяқталды. 18 жасқа дейінгі жасөспірім спортшыларымыз бір апта бойы Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында  елішілік чемпионаттың жүлделерін сарапқа салды.

Көкпар, аударыспақ, теңге ілуден VIII рет, ал, жамбы атудан V рет ұйымдастырылған ҚР Жасөспірімдер чемпионатындағы спорттық бәсекелер туралы бұған дейін жеке ақпараттар жариялаған болатынбыз. Бүгін назарларыңызға чемпионаттың толық қорытынды ақпараттарын ұсындық.

ЖАМБЫ АТУ. V рет өткізілген елішілік чемпионатқа 9 команда, атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының командаларының сапында жиыны 16 спортшы қатысты. Биылғы жасөспірімдер жарысына алматылық Гүлдана Алыбаева және Маңғыстау облысынан Дария Хузахметова мен Индира Жадан есімді қыздар да қатысып, ат үстінен садақ атудан бақ сынап көрді.

Жамбы атудан V рет ұйымдастырылған ҚР Жасөспірімдер чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

1-орын – Ерболат Нарұл (Алматы облысы)

2-орын – Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)

3-орын –  Бексауыт Батыр (Түркістан облысы)

3-орын – Аманбек Дәмір (Жамбыл облысы)

ТЕҢГЕ ІЛУ. VІІІ рет өткізілген елішілік чемпионатқа 10 команда, атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының командаларының сапында жиыны 19 спортшы қатысты.

Теңге ілуден VІІІ рет ұйымдастырылған ҚР Жасөспірімдер чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1-орын – Айып Әдилжан (Алматы облысы)

2-орын – Мамаев Алижан  (Батыс Қазақстан облысы)

3-орын – Тойлыбек Төлеген (Жамбыл облысы)

3-орын – Дәулетбақов Ербол (Алматы қаласы)

АУДАРЫСПАҚ. VІІІ рет өткізілген елішілік чемпионатқа 12 команда, атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды  облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары командаларының сапында жиыны 49 спортшы қатысты.

Аударыспақтан VІII рет ұйымдастырылған ҚР Жасөспірімдер чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

40 келі салмақта:

1-орын – Мейірман Әріпов (Ақтөбе облысы)

2-орын – Азамат Жұмабек (Түркістан облысы)

3-орын – Айбек Жапаров (Жамбыл облысы)

3-орын – Саясат Аманқұлов

50 келі салмақта:

1-орын – Бекзат Қамбар (Түркістан облысы)

2-орын – Абай Тұрсынбаев (Ақтөбе облысы)

3-орын – Сұңқар Тәукебаев (Алматы облысы)

3-орын – Жалғас Орынбасар (Жамбыл облысы)

60 келі салмақта:

1-орын – Мирас Берікбаев (Батыс Қазақстан облысы)

2-орын – Еділ Ерболатұлы (Алматы қаласы)

3-орын – Әлішер Сәлімжанов (Ақтөбе облысы)

3-орын – Бекзат Қапашев (Маңғыстау облысы)

70 келі салмақта:

1-орын – Расул Құрайыш (Түркістан облысы)

2-орын – Төлеген Мадияр (Қарағанды облысы)

3-орын – Ағаділ Ахатбек (Жамбыл облысы)

3-орын – Айдос Балаев  (Алматы қаласы)

70 келіден жоғары  салмақта:

1-орын – Аслан Есенғарин (Ақтөбе облысы)

 2-орын – Асланбек Сүндетов (Жамбыл облысы)

3-орын – Айдар Ділдабек (Алматы облысы)

3-орын – Азамат Қасымов  (Алматы қаласы)

КӨКПАР. VІІІ рет өткізілген елішілік чемпионатқа 9 команда, атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан  облыстары мен Алматы қаласы командаларының сапында жиыны жүзден астам спортшы қатысты.

Көкпардан VІII рет ұйымдастырылған ҚР Жасөспірімдер чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

1-орын – Түркістан облысының командасы

2-орын – Ақтөбе облысының командасы

3-орын – Жамбыл облысының командасы

3-орын – Алматы облысының командасы

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!