«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ». Бесінші кезеңнің қорытындысы (ФОТО)

2501

10 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бесінші кезеңі аяқталды.

Таңғы 7:00-де 15 команда Ұлытау облысы Айдар қыстағынан Алаша хан кесенесіне жолға шықты.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің тағы 100 шақырымын бағындырып, бесінші кезеңнің мәресі Алаша хан кесенесінде қорытындыланды. Осылайша, шабандоздар 5 күн ішінде жалпы 450 шақырым жолды жүріп өтті.

Бесінші кезең қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы да Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы мәре сызығына екінші болып келсе, алматылық шабандоздар үздік үштікке енді. Өкінішке қарай, бұл кезеңде атының жарақат алуына байланысты Павлодар облысы жарыстан шықты.

Алматы қаласы, Ақтөбе, Маңғыстау, Астана, Жетісу облыстарының команда құрамында – 5 ат;

Жамбыл, Түркістан, Алматы, Абай, Ақмола, Қарағанды облыстарының команда құрамында – 4 ат;

Қостанай, Қызылорда, Ұлытау облыстарының команда құрамында 3 ат қалды.

Бас мал дәрігері Ольга Гробер аттардың жарыстан шығып қалуының себебін түсіндірді.

Дайындықпен келген командалардың құрамы толық, бірде-бір аты сыр берген жоқ. Кей ат жарақат алып, жарыстан шеттетіледі. Енді бірі екінші бір атпен соқтығысып қалады. Одан қала берді жергілікті жердің ішкен суы жақпайды. Мәселен, Павлодар облысы командасының аттарына жоңышқа жақпай қалды. Қызылорда облысы командасының аты аяқасты жарақат алып, жобадан шығып қалды. Себеп көп. Алайда бұл азаматтар мен қазанаттар сыналатын сайыс болғандықтан дайындық мықты болу керек. Былтырғы жорықпен салыстырғанда бұл жолы шабандоздардың аттарына деген мейірімі ерекше. Былтырғыдай тек жеңіс керек деп, жарысқа жарамай тұрса да, шаба бермейді. Бұл жоба шабандоздардың аттарға деген көзқарасын өзгертті деп ойлаймын, — дейді Ольга Гробер.

Жалпы Алаша хан кесенесінде түнеген 14 команда 11 қыркүйекте таңғы сағат 7:00-ден бастап алғашқы 50 шақырымды еңсеру үшін Қорғанбай ауылына аттанады. Түскі астан соң Қорғанбайдан Талап ауылына дейінгі 6-кезеңнің кезекті 50 шақырымын бағындыруы тиіс. Сонымен командалар алдында 550-інші шақырымды еңсеру міндеті тұр.

Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.