«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»: Сегізінші кезеңнің қорытындысы (ФОТО)

2243

13 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің сегізінші кезеңі аяқталды.

Шабандоздар белгіленген маршруттың 750 шақырымын басып өтті.

Сегізінші кезең қорытындысы бойынша, Алматы облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы жетісулық шабандоздар мәре сызығына екінші болып келсе, Қостанай облысының командасы үшінші болып жетті.

Марафонның бас ветеринары Ольга Гробер жорыққа жаңадан қосылған аттарға баға беріп, шабандоздарға басты екі кеңесін айтты.

Жорықтың 8-кезеңін тың аттармен бастадық. Барлығының дерлік жағдайы жақсы, кезекті 100 шақырымды 12 команда еш қиындықсыз өткерді. Қатысушыларға айтарым, қатты шабудың қажеті жоқ. «Ақырын жүріп, анық басқан» абзал. Ондайда су беру өте маңызды. Таңертең бәйге басталмай жатып, аттардың жай-күйін тексереміз. Бірінші 50 шақырымды бағындырған соң толыққанды медициналық тексеруден өтеді. Жүрек соғысының жиілігі секундына 64-тен жоғары болмауы керек, – деді Ольга Гробер.

Сонымен 650 шақырымнан кейін қосылған жаңа аттардың жай-күйі шабандозға тікелей байланысты. Тағы бір ескерер жайт, жарыстан шығып қалған кейбір команданың мүшелері Түркістанға жеке-дара жетуге ниетті. Атап айтқанда, Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының бір-бір шабандозы атының мықтылығын дәлелдеуді мақсат еткен. Олар 1300 шақырымды бағындырған жағдайда оларға арнайы ынталандыру сыйлығы берілуі мүмкін.

12 команда 14 қыркүйекте таңғы сағат 7:00-ден бастап алғашқы 50 шақырымды еңсеру үшін Қызылорда қаласына бағыт алды. Түскі астан соң 8-кезеңнің кезекті 50 шақырымын бағындыруы тиіс. Сонымен командалар алдында 850-інші шақырымды еңсеру міндеті тұр.

Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры болса, республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясының, Туризм және спорт министрлігінің, «Аманат» партиясының және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтіп жатыр.

Argymaq.kz

ФОТО: Дмитрий Ругис

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.