«Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері» жарыққа шықты

1860

Алматыда «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында жарық көрген 24 кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР мемлекеттік Кітап палатасы ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кітап индустриясын дамытуға баса назар аударғаны белгілі. «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесері Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырудағы үлкен қадамдардың бірі. Бұл сериямен бұрын жарық көрмеген, әдебиетке тың серпін берген және қазақ әдебиетінің жаңа келбетін қалыптастыруда айрықша орын алатын әдебиеттер басылып шығатыны баршаңызға мәлім. Жаңа қазақ әдебиеті өкілдерін қолдау министрліктің әрдайым назарында- деді Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.

«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында өткен жылдан бері қолға алынған бірегей бастама. 2022 жылы осы бағдарламамен 10 автордың кітабы жарық көріп, әрқайсы 3 мың данамен еліміздің түпкір-түпкіріне жеткізілді. 2023 жылы жарыққа шыққан 14 кітаптың барлығы да еліміздегі кітапханалардың қорын толықтырады.

Осы 14 кітаптың бірі – Argymaq.kz ұлттық-танымдық порталының бас редакторы Ержан Жаубай құрастырған «Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері» жинағы.

Argymaq.kz порталы ашылғаннан бері жылқыға қатысты қазақтың мақал-мәтелін тұрақты жинақтау нәтижесінде 400 беттен асатын еңбек дайындалды. Әліпби ретімен, мақал-мәтелді қолдану аясын сақтай отырып, жинақталған кітап алғашқы басылым. Алдағы уақытта толықтырылып, қайта басылады деп ойлаймыз.

Құрастырушының айтуына қарағанда, жылқыға қатысты тек мақал-мәтел ғана емес, «Арғымақ антологиясы» сериасымен қазақ ақын-жырауларының жылқыға арналған өлең-жырлары, поэма-дастандары, шағын әңгімелер мен өмірде болған әйгілі тұлпарлар туралы жазылған деректі мақалалар, қазақтың жылқыға қатысты атаулары, жұмбақ-жаңылтпаштар мен тұрақты тіркестер, жылқы атаулары, т.б. қатарлы 12 том кітап дайын тұр.

Кітап халқымыздың сөз өнеріне, рухани қазынасына қосылған елеулі үлес екені сөзсіз.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.