Әлемдегі ең көне ер-тоқым немесе 2700 жылдық ұқсастық

2291

Археологтар Қытайда 2700 жыл бұрын жасалған былғары ер-тоқымды тапты. Ғалымдар бұл көне бұйым өзінің жасымен ғана емес, сонымен қатар әдемі дизайнымен және жоғары сапалы жұмысымен таңғалдыратынын атап өтті. Көне жәдігер ер-тоқым тамаша сақталған.

Адамдар ер-тоқымдарды алғаш қашан пайдалана бастады?

Алдымен жылқыны Солтүстік Қазақстанда осыдан 5500 жыл бұрын қолға үйреткен. Бұл туралы  Science журналында хабарланған. Алғаш адамдар оларды сүті мен еті үшін пайдаланды. Кейіннен міне бастады. І мыңжылдықтың ортасына дейін шабандоздар суреттерде ер-тоқымсыз бейнеленген.

Адамдар ер-тоқымдарды кейінірек қолдана бастады, мұны археологиялық олжалар ғана емес, сонымен қатар шабандоздар да дәлелдейді.

Ал Қытайда табылған ер-тоқым археологтар тапқан ең көне жәдігер болуы мүмкін.

Қытайда табылған ең көне былғары ер-тоқым

Ғалымдар Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында қазіргі ер-тоқымға ұқсайтын көне ат әбзелін тапқан. Ол құрғақ ыстық шөлдің арқасында тамаша сақталған.

Ер-тоқым сиыр терісінен жасалып, іші киік пен түйе жүнімен толтырылған. Тігін тігу мен тері өңдеудің жоғары сапасы оны тері өңдеуді ғана емес, атқа мінуді де жетік меңгерген шеберлердің жасағанын аңғартады. Ғалымдар ер-тоқым біздің эрамызға дейінгі 727-396 жылдар аралығында жасалған деп есептейді.

Қытайдағы ең көне ер-тоқым кімдікі болған?

Ғалымдар былғарыдан жасалған ер ғана емес, оның кімге тиесілі екенін де анықтай алған. Бұл ер-тоқым бай адам, ақсүйек немесе жауынгердікі емес әйелдікі болып шыққан. Ол былғары сырт киім, жүн шалбар және былғары етік киіп жерленген. Бұл туралы археологтар Archaeological Research in Asia басылымында хабарлады.

Ғалымдар ер-тоқымның сапалы екенін айтады

Ер-тоқымның күйі оның көп қолданылғанын көрсетеді. Фотосуретте жөндеу іздерін көруге болады. Сірә, шабандоз ұзақ уақыт бойы бұл ер-тоқымды пайдаланған  және ол оған қымбат болғандықтан, бірге жерленген.

Мұндай олжалар адамдардың ер-тұрманды біздің эрамызға дейінгі І мыңжылдықтың ортасында қолдана бастағанын көрсетеді. Бұл біздің ата-бабаларымызға ұзақ қашықтыққа жылдам қозғалуға мүмкіндік берген.

massaget.kz

Моңғолия қазақтары күнделікті қолданатын тұрмыстық ер-тоқымs

Argymaq.kz: Яңхай ер-тоқымының суретіне қарап отырып, мұндай ер-тоқымды қазіргі Моңғолия қазақтары әлі күнге пайдаланып жүргенін атап өтуге болады. Қазақ аткөрпе деп атайтын, ер үстіне жұмсақтық үшін пайдаланатын бұйымды Моңғолия қазақтары «патошік» деп атап, тура осы Яңхай ер-тоқымындағыдай етіп жасайды.

Басты фото: Patrick Wertmann

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.