Адай жылқысы да, найман жылқысы да біреудің жекеменшігі емес

2500

Қазақтар жабайы жылқыны алғашқы болып қолға үйреткен. Қазақтар жабайы жылқыны қолға үйреткеннен соң жылқының көптеген асыл тұқымын сұрыптап шығарған.

Қазақ елі мен жерінде төмендегідей жылқы тұқымдары болған.

Етті тұқым – негізінен соғымға пайдаланылатын.

Сүтті тұқым – негізінен сүт, саумал, қымыз, тағы басқа тағам өндірісінде пайдаланылатын.

Шабысты тұқым – негізінен жорыққа, соғысқа, аңшылыққа, бәйгеге мінетін.

Желісті тұқым – негізінен күймеге, шанаға, арбаға жегетін.

Жорға тұқым – негізінен әйелдер, бала-шаға мінетін, сосын қонаққа барғанда, ауыл арасында мінетін.

Жұмыстық тұқым – негізінен жүк арба мен шанаға, ауыр жұмысқа жегетін.

Қазіргі замандағы әлемдегі асыл тұқымды жылқылардың барлығы сол баяғы Қазақ жылқыларының тұқымдарын дамыту арқылы сұрыпталып шығарылған.

Қазақтың сол асыл тұқымды жылқы түрлерінен қазіргі кезде тек «Адай жылқысы» мен «Найман жылқысының» тұқымдары ғана сақталып қалған.

Білуімше, «Адай жылқысы» 2023 жылғы желтоқсан айында ресми түрде асыл тұқымды жылқы ретінде тіркелді.

Енді «Найман жылқысын» халықтық сұрыптаумен шығарылған деп ресми тіркесе, құба-құп болар еді.

Бұл ретте, осы екі тұқымның авторы Қазақ ұлты, Қазақ халқы болу керек, өйткені бұл тұқымдар халықтық сұрыптаумен осыдан ондаған ғасыр бұрын шығарылған.

Естуімше, «Адай жылқысының» авторы болып қазіргі замандағы ғалымдар тіркеліп алыпты, бұл дұрыс емес, осы бұрыс қылықты түзету керек деп есептеймін.

«Найман жылқысын» ресми тіркеген кезде бұндайға жол бермеу керек!

Өйткені, «Адай жылқысы» мен «Найман жылқысы» жекелеген адамдардың құндылығы емес, бүкіл Қазақ ұлтының, барлық Қазақ халқының ұлттық, халықтық құндылығы!

Болат Кенішбаев, зейнеткер

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!