Адай жылқысы патенттелді

1671

Әділет министрлігі Адай тұқымды жылқыны ұлттық брендтер қатарына қосып, ресми түрде тіркеді.

Патент алу аталмыш жылқы түрін одан әрі сақтауға, іріктеуге, сондай-ақ отандық туризм мен ұлттық брендті дамытуға ықпал етеді. Бұған дейін

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына сапары кезінде осы асыл тұқымды жануарды ғылыми тұрғыдан дәлелдеуді әрі өсімін молайтуды арнайы тапсырған еді.

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында Адай жылқысының қасиеттеріне айрықша тоқталып, оны ғылыми тұрғыда асыл тұқымды мал ретінде тану және көбейту үшін тиісті жұмыстарды қолға алуды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатымен ғалымдардан, сала мамандарынан құралған арнаулы топ аса ауқымды жұмыстар жүргізіп, кеше ғана елімізде Адай жылқысының 6 түрі жаңа ұлттық бренд ретінде ресми тіркелді. Бұл — Адай жылқысын халқымыздың бірегей бренді ретінде сақтап, санын одан әрі арттыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам болмақ – деп жазды Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай.

Ал Парламент мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин елден сүйінші сұрады.

Қадірлі жерлестер! Мың жылдық тарихы бар, «Адай» сәйгүлігінің – асыл тұқымды жылқы болуымен шын жүректен құттықтаймын. Енді, «Адай» жылқысы ресми патенттелген асыл мұра қатарында. Бұған дейін мың шабыста «сүрінсе» де, ақыры әділеттіктің жеңісі де, жемісі де орнады. Яғни, осы жағдай бүгінгі әділ қоғамның орнауының нақты көрінісі. Бұл – маңғыстаулық мамандар, атбегілер, ұлт жанашырлары мен ауылдастарымның адал еңбегі, маңдай тері. Ұлттың коды оның мұрасы, ал оны дамытуды қолдап отырған Мемлекет басшысына да жерлестерімнің атынан алғыс білдіремін – деді ол.

Қазақтың тағы бір қазанаты қатарға қосылып, бағасын алғанына біз де қуаныштымыз! Ат сүрініп, азамат жаңылмасын!

Argymaq.kz

3 comments

  1. Адай жылқысының қалай «Асыл тұқымды жылқы» атанды — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 27 Ақпан, 2024 at 16:38 Ответить

    […] Осы сенім толығымен ақталды. 2010 жылдан бастау алған селекциялық жұмыстарға серпін беріліп, маусым айының басында мініс бағыттағы «Ратторы-60» аталықіз құжаттары Әділет министрлігіне жолданды. Шілде, тамыз айларында мініс бағыттағы «Бұғабай киік қоңыр-98» және «Манап сұр-93» айғырларының ұрпақтары негізінде екі аталықізді апробациялауға қажет құжаттар дайындалды. Адай тұқымының мініс типіне тән жылқыларының ерекшеліктері зерттеліп, әсіресе, жарыс және бәйге кезінде көрсеткен көрсеткіштері зерделеніп, осы жылқыларға тән белгілердің біркелкілігі және тұқым қуалау қасиеттері анықталып, жаңадан апробациядан өтетін мініс типінің толық сипаттамасы жасалды. Сонымен, «Ратторы-60», «Бұғабай киік қоңыр-98» және «Манап сұр-93» аталықіздері негізінде адай жылқысының жаңа тармағы «Адай тұқымішілік мініс типі» жаңа селекциялық жетістік ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті. […]

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!