Жамбы атудан Азия чемпионаты өтеді

194

Сәуірдің 14-19 аралығында Шымкент қаласында ересектер арасында тұңғыш Азия чемпионаты өтеді.

Чемпионатты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ҚР Жамбы ату федерациясының қолдауымен Азиялық жамбы ату федерациясы ұйымдастырып отыр.

Чемпионатта сары құрлықтың 14 мемлекетінен келген 60 спортшы 4 стиль (жамбы, түркі, азия, мажар стилдері) бойынша жарысқа түседі.

Қатысушы мемлекеттер: Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Таиланд және Қазақстан.

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

Бас бапкер – Елдос Бадашев

  1. Ералхан Айкөз – 1998 жылы 5 маусында Түркістан облысы, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 2021 ж. Тегерандағы XVI әлем чемпионатының жеңімпазы және күміс жүлдегері;
  2. Батыр Бексауыт – 2001 жылдың 8 тамызында Түркістан облысы, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 2021 жылы Жастар арасындағы ҚР чемпионатының чемпионы;
  3. Айтбек Сарыбай – 1998 жылы 30 қаңтарда Түркістан облысы, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келген. 2019 жылы Оңтүстік Кореяда өткен XV әлем чемпионатының Жеңімпазы және қола жүлдегері;
  4. Абзал Тұлыбеков – 1996 жылы 31 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. 2018 жылы Жамбы атудан Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
  5. Нұрсұлтан Бірлікбаев – 2004 жылы 14 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Монғолия Әлем чемпионатында Аңшылық трек бойынша 3-орын алды.
  6. Ақаділ Пернебай – 2005 жылы 17 қазан күні Қызылорда облысында дүниеге келген. 2023 жылы Монғолияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Федерация көрермендерді ұлттық спортқа тарту мақсатында жарысқа келген қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұтыс ойындарын ұйымдастырады. Көрермен тек жарысқа келсе болғаны. Шымкент қалалық ипподромға (Алматы тас жолы 21/24) келген жандарға билет беріліп, 5 күн бойы жарыс арасындағы үзілістерде бағалы сыйлықтар ойнатылады. Билеттер тегін беріледі. Басты сыйлық – бағалы смартфондар.

Жарыс бағдарламасына сәйкес 14 сәуір күні 10:00 де Азиялық жамбы ату федерациясының конференциясы өтеді. Конференцияда сары құрлықтың 10-нан аса федерациясы Азиялық федерацияның мүшелігіне өтеді. Сонымен қатар, алдағы нақты жоспарлар бекітіледі.

Сондай-ақ, 14 күні кешкі сағат 17:00-де чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

15 сәуір – мажар стилі;

16 сәуір – азия стилі;

17 сәуір – түркі стилі;

18 сәуір – жамбы стилі бойынша жарыс болады. Соңғы жарыс күні «Тайтұяқ» жүлдесі үшін жеңімпаздар мен жүлдегерлер сынға түседі. Сондай-ақ, марапаттау рәсімі болады. Ал 19 сәуірде – шетелдік қонақтар Түркістан қаласына экскурсия жасайды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!