Америкалық зерттеуші қазақ жылқысы туралы кітап жазбақшы

625

Америкалық көкпаршы әрі жазушы Уилл Грант қазақ жылқылары туралы кітап жазбақ.

Жазушыны Көшпенділер ойнындағы қазақ пен қырғыз жылқылары таңғалдырған. Сондай-ақ Грант Қазақстанда өтіп жатқан 5-ші Көшпенділер ойыны туралы ойын айтты.

Уилл, Американың қай жеріненсіз?

— Мен АҚШ-тың Нью-Мексико аймағында өмірге келдім. Бала күнімнен атқа құмармын. Жылқылар менің өмірімнің ажырамас бөлігі. Өйткені олар туралы кітап жазып жүрмін. Өкінішке қарай, Америкада жаттығып жүрген кезімде жарақат алып қалдым. Бүгін құрамаға тек қолдау көрсеттім.

Мұндай ірі жеңіліске не себепті ұшырадыңыздар деп ойлайсыз? Мәселе аттардың дайындығында ма?

— Америкалық үшін көкбөріні ойнау — өте қиын. Мұндай сайысқа түсу біз үшін тың жаңалық десем артық айтпаймын. Бәрі менен «аттың айырмашылығы бар ма» деп сұрап жатыр. Меніңше, аттың бәрі бірдей. Аттың күшті болуы тікелей иесіне байланысты. Сондықтан айырмашылығы жоқ деп санаймын. Қазақ пен қырғыздың жылқыларын көріп таңғалдық. Керемет дайындалған. Шыны керек, кейде көкпар мен көкбөрінің ережелерін түсінбей жатырмыз.

— Бұл Қазақстанға бірінші рет келуіңіз бе? Алдағы уақытта тағы келу жоспарыңыз бар ма?

— Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Иә, Қазақстанға қайта келуді жоспарлап отырмын. Алайда қазір қолымның сіңірін созып алдым. Жалпы ендігі наурыз айында Қазақстанға келіп, осы елдің жылқылары туралы кітап жазуды ойлап отырмын. Өзім Орталық Азия және әлемдегі жылқы тұқымдары жөнінде кітаптар жазуды бастаған едім. Мен Қазақстанда жылқылар алғашқы рет қолға үйретілген мекен деп есептеймін. Сондықтан мен үшін бұл мекенде болудың өзі үлкен мәртебе.

— Осы уақытқа дейін Қазақстан туралы қандай ой қалыптасты?

— Қазақстан әдемі ел екен. Менің ойымша, Қазақстанда көп нәрсе шынайы, өйткені Қазақстан – кең даланың жүрегі. Бұл жылқылардың алуан тұқымдары бар өте үлкен ел.

Әңгімеңізге рахмет!

Олжас Адай, BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.