ДКО. Көкпар: Қазақстан-АҚШ (12:4)

584

Бүгін Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы Көкпар додасының екінші күні.

Кеше Өзбекстан құрамасымен ойын өткізген біздің жігіттер есепті 16:0-ге апарып, ала шапанды ағайынды ойсырата ұтқан болатын.

Ал АҚШ құрамасы кеше демалған. Себебі көкпар спорты бойынша 9 команда сынға түскенде, біреуі іріктеу сында қалыс қалады.

Сонымен екінші күннің шымылдығын ашқан қос командамен таныс болыңыздар.

Қазақстан құрамасы:

1. Құрманбек Тұрғанбек

2. Дәулет Айтан

3. Бақытжан Әзімбай

4. Арман Жамалбек

5. Абылайхан Нышанбеков

6. Құлажан Тоғайбаев

7. Елдос Асыл

8. Ернар Жарылқасын

9. Ернат Мәлімбай

10. Ұлан Байтөреев

11. Есжан Құрманбай

12. Әділет Мамыт

Команда жетекшісі Нұрдәулет Момынов, команданың бас жаттықтырушысы Ақылбай Манкеев.

АҚШ құрамасы:

1. Zimmerman Scott

2. Howell Ladd Baldwin

3. Willert Nicholas Daniel

4. Grant James Wilson

5. Bryant Brendan Richard

6. Nisveta Jase

7. Vause Lance Kanton

8. Mortenson Wyatt Sam

Команда жетекшісі: Howell Ladd Baldwin

Байқағандарыңыздай, АҚШ құрамасы 8 ойыншымен алаңға шықты. Соған қарамастан, мұхит асып келген көкпаршылар жақсы ойын көрсетті.

Дегенмен ойынның алғашқы минутында, анығы 30 секундтта Абылайхан Нышанбеков алғашқы салымды салып үлгерді.

Ойынның алғашқы бөлімінде есеп 5:3-ке жетті. Біздің жігіттер америкалық қонақтарға құрмет көрсетіп, салым салуға мүмкіндік берді. Кешегі көкбөрүден 18:0 болып ұтылғандарына қапа болған АҚШ құрамасы жігіттерінің көңілін бір демдеп қоюды ойласа керек Нұрдәулет Момыновтың жігіттері.

Алғашқы айналымдағы үш салымды да Zimmerman Scott салды.

Екінші айналымда ел құрамасы тізгінді қолға алды. Есепті 12:4-ке жеткізіп, әдемі ойын өрнегін көрсете білді.

Салым салғандар: 

Қазақстан құрамасы: 

Құрманбек Тұрғанбек — 1, Дәулет Айтан — 1, Арман Жамалбек — 1, Абылайхан Нышанбеков — 1, Құлажан Тоғайбаев — 2, Ернар Жарылқасын — 2, Ернат Мәлімбай — 1, Ұлан Байтөреев — 1, Есжан Құрманбай — 1, Әділет Мамыт — 1.

АҚШ құрамасы: 

Zimmerman Scott — 3, Bryant Brendan Richard — 1.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!