ДКО. Бүгін көкпар мен көкбөрүнің финалы

651

Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан көкпар мен көкбөрүнің финалдық сайысы өтеді.

Қос халықтың бабадан бері мұра болып қалған ұлттық ойынында аса қатты айырмашылық жоқ.

Сырт көзге анық көиінер айырмасы — көкпар шекберге, көкбөрү қазандыққа ойналады.

Сонымен, айтулы доданың ақырғы айналымына төрт команда жетті. Көкпарда да, көкбөрүде де үшінші-төртінші орындар үшін Ресей федерациясы құрамасы мен Түркия құрамасы таласса, бірінші -екінші орындарға Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары тақым түйістіреді.

Қазақстан құрамасы бұған дейін А тобында Өзбекстан, АҚШ, Ресей құрамаларын жеңсе, Қырғызстан құрамасы В тобында Моңғолия, Түркия және Қытай құрамаларынан басым түскен болатын.

Осы орайда төрт команданың көкпар спорты бойынша құрамымен тағы бір таныстырып жіберейік.

Қазақстан құрамасы: 

1. Құрманбек Тұрғанбек

2. Дәулет Айтан

3. Бақытжан Әзімбай

4. Арман Жамалбек

5. Абылайхан Нышанбеков

6. Құлажан Тоғайбаев

7. Елдос Асыл

8. Ернар Жарылқасын

9. Ернат Мәлімбай

10. Ұлан Байтөреев

11. Есжан Құрманбай

12. Әділет Мамыт

Команда жетекшісі Нұрдәулет Момынов, команданың бас жаттықтырушысы Ақылбай Манкеев.

Қырғызстан құрамасы: 

1. Orozbaev Zholdoshbek

2. Sultan uulu Kubanychybek

3. Sagynbek uulu Dastan

4. Isakov Ilyaz

5. Tolobekov Erlan

6. Anataev Yryskeldi

7. Ilis uulu Kushchubai

8. Aidarkan uulu Ersultan

9. Dzhenishbekov Emirlan

10. Niyazov Manas

11. Ryspekov Mairambek

12. Esen uulu Omurbek

Команда жетекшісі: Nazarov Adilet

Команданың бас жаттықтырушысы: Kubatov Kanybek

Түркия құрамасы:

1. Mustafa Timur

2. Doğaner Hüseyin

3. Başaran Kadir

4. Özoğlu Lütfullah

5. Asyali Taha Yasin

6. Tuncer Çağdaş

7. Başaran Çağlar

8. Kutlu Orhun

9. Tufan Şemsettin

10. Demirkol İsa

11. Adigüzel Ramazan

12. Levent Mehmet Akif

Команда жетекшісі: Varol Ahmen

Команданың бас жаттықтырушысы: Zhumaliyev Ruslan.

Ресей құрамасы:

1. Omurzakov Bakhoviddin

2. Маматисаков Бактбек

3. Satybaldiev Chyngyz

4. Toychubekov Akjol

5. Niyazov Bayaman

6. Кусербаев Нур

7. Tayyev Tarazbek

8. Karmanov Vladimir

9. Тойчубеков Канжарбек

10. Сомоев Сюмер

11. Soltobaev Kalybek

12. Турдыкулов Раатбек

Команда жетекшісі: Исаев Медербек

Команданың бас жаттықтырушысы: Савин Сергей.

Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары бұған дейін 2022 жылы Түркияда өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да кездескен. Онда көкпардан біздің жігіттер жеңсе (4:3), көкбөрүден қырғыз ағайынның мерейі үстем болған еді (5:0).

Ойындар:

Көкпар:

Ресей-Түркия 10:00-де басталады

Қазақстан-Қырғызстан 11:30-да басталады

Көкбөрү:

Ресей-Түркия 15:00-де басталады

Қазақстан-Қырғызстан 16:30-да басталады

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!