Жылқыға субсидия төлеу. Енді мініс аттар үшін де ақша алуға болады

208

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №331 бұйрығымен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұйрық 2024 жылдың 14 қазанында күшіне енді.

Мініске және жегінге арналған жылқылардың отандық тұқымын сақтау және өсімін молайтуға жағдай жасау мақсатында субсидиялау қағидаларына жылқы шаруашылығы бойынша 3 жаңа бағыт енгізілген:

— асыл тұқымдық орталықтардың шет елдік селекцияның мініс бағытындағы асыл тұқымды айғырларын сатып алу;

— мініске және жегінге арналған жылқылардың отандық тұқымының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және тұқымын асылдандыру жұмыстарды жүргізу;

— Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініске және жегінге арналған асыл тұқымды жылқыларды күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеу.

Сондай-ақ, енгізілген өзгерістерге сәйкес, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтарында, оның ішінде Шымкент қаласында орналасқан тауар өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы елді мекендердің жер санатын көрсете отырып, субсидия алуға өтінім бере алады.

Бұдан бөлек азық тапшылығы бар Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ұлытау облыстары сияқты шөлейтті өңірлердегі барлық шаруашылық үшін мал азығын субсидиялау жөніндегі төтенше жағдайлардың шарттарын алып тастау енгізілді.

Естеріңізде болса, бұған дейін жылқыға субсидия төлеу тәртібі жайлы жазғанбыз:

Жылқыға субсидия төлеу. Не өзгерді?

Қыс қатты. Жылқыға субсидия берілуі керек – депутат

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.