Жылқыға субсидия төлеу. Не өзгерді?

1112

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы құжат Ашық НҚА платформасында жарияланды.

Министрдің бұйрығымен көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына бірқатар өзгертулер енгізілген. Біз соның ішінен ТЕК ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫСЫН ғана назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Ауа райына байланысты (2-тармақта):

1) тармақша төмендегідей редакцияда жазылсын:

«1) Азық дайындауға кері әсер ететін қалыптан тыс ауа райы жағдайлары – белгілі бір аймақ пен жыл мезгілі үшін қалыпты немесе әдеттегі ауа райынан ауытқып кететін ауа райы жағдайлары, оларға атмосфералық немесе топырақтың құрғақшылығы, құрғақ жер, аяз, көлемі 20 мм және одан да көп ірі бұршақтың түсуіне немесе жауын-шашын мөлшері 50 мм және одан да көп жауын-шашынның 12 сағат және одан аз (сел қаупі бар өңірлерде 30 мм және одан да көп 12 сағат және одан аз уақыт ішінде) түсуіне әкеп соғатын ауа райы жағдайлары;»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Субсидиялар нормативтері, сондай-ақ субсидиялар алу өлшемшарттары, өтінімдер нысандары және өтінімдер беру мерзімі келесі бағыттар бойынша мал шаруашылығы және азық өндіру жөніндегі мамандандырылған бейінді ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде ЖАО (көрсетілетін қызметті берушінің) қаулысымен бекітіледі:

ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалатын шығынның құнын арзандатуға;

спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;

асыл тұқымды орталықтармен шет елдік селекциядағы спорттық бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу;

спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды басын ұстап-бағу шығыстарын өтеуге.»;

14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы мен СМАЖ-дың өзара іс-қимылы арқылы электрондық түрде мыналарға өтінім берілуі:

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша (…) өнімділік бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырды (…) сатып алу үшін субсидиялар алуға;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 13-нысан бойынша сүт (сиыр, бие, түйе) өндіру құнын арзандатуға субсидиялар алуға;

4. Осы бұйрық 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Субсидиялар бағыттары мен нормативтерінің тізбесі (1-қосымша)

Жылқы шаруашылығы

Субсидиялар түрлері Өлшем бірлігі 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
1. Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу Бас/ шағылыстыру маусымы Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (ЖАО) белгілейді
2. Өнімділік бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу Сатып алынған бас 100 000
3. Асыл тұқымды орталықтармен шет елдік селекциядағы спорттық бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу Сатып алынған бас ЖАО белгілейді
4. Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды басын ұстап-бағу шығыстарын өтеу Бас/жылына бір рет ЖАО белгілейді
5. Бие сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату литр 60

«Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу», «Асыл тұқымды орталықтармен шет елдік селекциядағы спорттық бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу», «Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды басын ұстап-бағу шығыстарын өтеу» субсидиялау бағыттары бойынша Қостанай облысында жүзеге асырылады.

«Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялау гидрометеорологиялық қызмет растаған, өңірде азық дайындауға теріс әсер еткен төтенше жағдай жарияланған немесе қалыптан тыс ауа райы жағдайлары болған кезде ғана жүзеге асырылады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл талап Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында орналасқан тауарлық сүт фермаларындағы аналық мал басына қолданылмайды.

«Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялау қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде жүзеге асырылады.

Субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттар (2-қосымша)

Субсидиялар түрлері Өлшемшарттар Субсидиялау шарттарына сәйкестігін субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (СМАЖ) тексеру әдісі Өтінім беру мерзімі

Жылқы шаруашылығы

1. Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу 1. Есепке алу нөмірінің болуы (2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста).

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан тауар өндірушілер үшін – елді мекендердің ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлерінің болуы. Бұл норма жеке қосалқы шаруашылықтардан ғана құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысты қолданылмайды.

3. Өтінім берілген сәтте сатып алынған мал басының АЖБ-да және САТЖАҚ-да тіркелген болуы.

4. Сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда — асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда — малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) – 18 — 60 ай аралығында қоса алғанда.

5. Сатып алынған тұқымдық айғырлардың саны 1 тұқымдық малға кемінде 20 және 30 аналықтан (36 айдан бастап) аспайтын арақатынаста болуы тиіс.

6. Тұқымдық айғырды қатарынан екі шағылыстыру кезеңінен асырмай (кемінде 18 ай) мақсатты пайдалану бойынша міндеттеме алу.

ББАЖ, ЖМБМКАЖ-мен, САТЖАҚ және АЖБ-мен интеграциялық өзара әрекеттесу 2024 жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) (өтінім сатып алынған күннен бастап он екі ай ішінде беріледі)
Өңірлердің ерекшеліктері мен мамандануын ескере отырып, ЖАО-ның (көрсетілетін қызметті берушінің) қалауы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен
4. Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату 1. Есепке алу нөмірінің болуы (2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста).

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан тауар өндірушілер үшін – елді мекендердің ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлерінің болуы. Бұл норма жеке қосалқы шаруашылықтардан ғана құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысты қолданылмайды.

3. Өтінім беру сәтінде АЖБ-да 3 жастан асқан кемінде 30 бие тіркелген болуы.

4. Сүтті есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу кәсіпорындарына немесе сүт өңдеу цехына өткізу.

5. Бие сүтінің жылдық өндіріс көлемі 1 биеге 750 литрден аспауы тиіс.

ББАЖ, ЖМБМКАЖ, АЖБ-мен интеграциялық өзара әрекеттесу 2024 жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) (өтінім сатылған өнім үшін төлемді алған күннен бастап алты ай ішінде беріледі)

Асыл тұқымды жануарларды сатып алғанда мыналардың сақталуын қамтамасыз ету қажет:

1) АЖБ мен САТЖАҚ-да өтінім берілген күннен бастап 2 (екі) жыл бойы аналық мал басы (табиғи кему (өлу) нормасын қоспағанда);

2) АЖБ және САТЖАҚ-да өтінім берілген күннен бастап кемінде 18 (он сегіз) ай өндірушілер;

Субсидия алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

Тауар өндірушілер нақты электрондық шот-фактураларды пайдалана отырып субсидиялар алмаған жағдайда, тауар өндірушінің өтініші бойынша жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы электрондық шот-фактуралардың бұғаттан шығаруды жүзеге асырады.

Уәкілетті орган СМАЖ жұмысының алгоритміне техникалық тапсырма әзірлейді және оны СМАЖ-ға орналастырады.

Мыналар субсидиялауға жатпайды:

1) сатып алу кезінде құнын арзандатуға бұрын субсидияланған, айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған немесе өсімін молайту мақсаттары үшін пайдаланылмайтын жануарларды, асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу;

2) Қазақстан Республикасы аумағында орналаспаған сүт өңдеу кәсіпорнына өткізілген сүт;

3) Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттарға сәйкес САТЖАҚ-да және АЖБ-да тіркелген жануарлар саны туралы деректерінде (жануардың сәйкестендіру нөмірі, жынысы, тұқымы, туылған күні) алшақтығы бар тауар өндірушілер;

НҚА – Нормативтік құқықтық актілер;

ЖАО – жергілікті атқарушы органдары;

СМАЖ – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде;

ББАЖ — Басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі;

ЖМБМКАЖ — жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі;

САТЖАҚ — селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;

АЖБ — ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!