Жүлде қоры 24000 доллар. Астанада ат спортынан Әлем кубогы өтеді

599

30 мамыр мен 1 маусым аралығында елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде ауқымды халықаралық жарыстар өтеді.

Атап айтар болсақ, конкур бойынша Еуразия Лигасының Әлем кубогы кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүруден халықаралық турнир (FEI CDI 1*) байрағын көтереді.

Жарысқа алыс және жақын шетелден мықты құрама командалар қатысады. Іс-шара халықаралық стандарттарға сәйкес Халықаралық ат спорты Федерациясының (FEI) қолдауымен жүреді.

Армения, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 60-қа жуық спортшы күш, дәлдік, үйлесім және жылдамдық талап етілетін жарыс түрлерінде өз шеберліктерін көрсетіп, бақ сынайды.

Жарыстарда Әлем кубогы кезеңі мен Халықаралық турнирлерде бұған дейінгі кезеңдердің жеңімпаздары мен болашақ дебютанттар – Евразиялық лиганың ең мықты шабандоздары бақ сынайды.

Қазақстан спортшылары үздік нәтиже көрсетуге дайын. Биыл Қырғызстан мен Өзбекстанда өткен Әлем кубогы кезеңдерінде Ксения Баталова, Нүрила Тұрысбекова, Даяна Онаева және Олег Соколенколар жүлделі орындарға ие болды. Ал мәнерлеп жүру бойынша Қазақстан құрамасы сапында жақында ғана Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде командалық есепте күміс жүлде жеңіп алған Дарья Попова мен Карина Жарылғапова және Роза Дәуренбектер бар.

Әлем кубогының кезеңін Қазақстанда өткізу – ат спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл – тек ел үшін ғана емес, барлық ат спорты жанкүйерлері үшін маңызды спорттық шара болмақ.

Ауқымды деңгейдегі жарыстар Қазақстан спортшыларына өз шеберліктерін арттырып, шетелдің мықты шабандоздарымен бәсекеге түсіп, халықаралық турнирлерге біліктілік жолдамаларын алу мүмкіндігін береді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 24 000 доллар.

2025 жылға арналған Әлем кубогы кезеңдерінің Еуразиялық Лигасы 8 кезеңнен тұрады: Ташкент-1 (Өзбекстан), Ташкент-2 (Өзбекстан), Бішкек-3 ( Қырғызстан), Астана-4 (Қазақстан), Тбилиси-5 (Грузия), Тбилиси-6 (Грузия), Ереван-7 (Армения), Тегеран-8 (Иран).

Еуразиялық Әлем кубогы кезеңдері лигасының «Grand Prix» бас маршрутының қорытындысы бойынша 2025 жылғы конкур бойынша Әлем Кубогының финалына лицензия ойналады.

Өтетін орны: «Арғымақ» АССК, Астана қ.,Қарқаралы тасжолы 1.

Күндер: 2025 ж. 30 мамыр -1 маусым

Басталуы: сағ.09:00. Кіру тегін

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.