«Шығыс Салбурыны – 2025» өз мәресіне жетті

54

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында өткен халықаралық «Шығыс Салбурыны – 2025» фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған ауқымды мәдени-спорттық шара ата-бабадан мирас болған құсбегілік өнерді ұлықтап, ұлттық рухты асқақтатқан тағылымды мерекеге айналды.

Фестивальге Қазақстанның 10 облысы мен екі қаласынан, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Мажарстан, Испания, Моңғолия, Қырғызстан және Қытай елдерінен келген тәжірибелі әрі танымал құсбегілер қатысып, өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін ортаға салды. Халықаралық деңгейде өткен бұл дода ұлттық салт-дәстүрді дәріптеумен қатар, мәдени байланыстарды нығайтуға зор ықпал етті.

Жарыстар барысында 81 бүркіт, 14 ителгі және 11 қаршыға сынға түсіп, қыран құстардың ептілігі мен құсбегілердің кәсіби дайындығы қатаң талаппен бағаланды. Тартысты өткен финалдық кезеңнің қорытындысында үздік деп танылған жеңімпаздар анықталып, салтанатты түрде марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

Бүркіт құсын салудан:

  • I орын – Баетбай Өмірхан (Алматы облысы)
  • II орын – Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
  • III орын – Ерғазыұлы Сәлімхан (Жетісу облысы)
  • III орын – Матей Арман (Қарағанды облысы)

Қаршыға құсын салудан:

  • I орын – Баетбай Өмірхан (Алматы облысы)
  • II орын – Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
  • III орын – Сейтжан Бексұлтан (Алматы облысы)
  • III орын – Даниярқызы Аяжан (Алматы қаласы)

Ителгі құсын салудан:

  • I орын – Кенжетаев Ерлан (Ақмола облысы)
  • II орын – Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)
  • III орын – Есентаев Сұлтансері (Алматы қаласы)
  • III орын – Далайханұлы Алпамыс (Моңғолия)

Ұлттық спорт қауымдастығының бас серіктесі – “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры. «Шығыс Салбурыны – 2025» фестивалі ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, құсбегілік өнердің халықаралық аренадағы беделін арттырған, мазмұны терең әрі маңызы зор рухани-мәдени оқиға ретінде ел жадында қалды.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.