Білім, ғылым, болашақ – барлығы ҚазҰАЗУ-да!

432

Жас талапкер, арманыңа Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетімен бірге жет!

Алматы қаласының көркем келбетімен үйлескен, Алатаудың әсем бөктерінде, қаланың Алтын квадратының дәл ортасында орналасқан, ғасырға жуық тарихы бар Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті – білім мен ғылымның, жаңашылдық пен ұлттық құндылықтардың тоғысқан ордасы. Бұл оқу орны – жай ғана университет емес, ол – ауылдан шыққан талапты жастың үлкен өмірге нық қадам басуына жол ашатын алтын қақпа.

Алтын бесік – ауылда өсіп, төрт түлікті түлеткен, табиғатпен етене жақын болған жас үшін аграрлық білім алу – жүрек қалауымен жасалған таңдау. ҚазҰАЗУ қабырғасында студент тек теориямен шектелмей, заманауи зертханаларда, тәжірибелік алаңдарда, инновациялық орталықтарда білімін шыңдайды. Университеттің ғылыми-зерттеу бағытындағы жетістіктері мен халықаралық серіктестіктері білім алушыларға әлемдік деңгейдегі тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді.

Бұл оқу орнында студенттік өмір де ерекше. Алматыдай алып мегаполисте орналасуы – мәдени, рухани және зияткерлік дамуға кең жол ашады.

Университет ветеринария, агрономия, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, су ресурстары және суды пайдалану, агроинженерия, бизнес және басқару, құқық, биологиялық және сабақтас ғылымдар, ақпараттық технологиялар, қоршаған орта, өндірістік және өңдеу салалары, кадастр және жерге орналастыру, инженерия және инженерлік іс, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) сынды білім беру бағдарламалары бойынша жетекші мамандарды даярлайды. Студенттер түрлі үйірмелер мен жобаларға қатысып, өз қабілеттерін дамытады, достық пен ынтымаққа толы қызықты студенттік шақты бірге өткізеді. Ең бастысы – ҚазҰАЗУ түлегі алған білімімен туған ауылына оралып, ауыл шаруашылығын дамытуға, экономиканы арттыруға, ел игілігіне қызмет етуге толық мүмкіндік алады.

Білікті маман, елін сүйген азамат қалыптастыру – университеттің басты миссиясы. Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті – өткеннің тәжірибесін сақтай отырып, болашаққа сеніммен қадам басатын, жас талапкердің арманын мақсатқа айналдыратын бірегей білім ордасы. Егер сен туған жеріңді көркейтіп, еліңе адал қызмет етуді армандасаң ҚазҰАЗУ – сенің дұрыс таңдауың!

 

Толық ақпарат алу үшін: 87072921550, 87757412589,

Университет сайты: www.kaznaru.edu.kz

Мекен – жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8 «Абай» метро бекеті

 

«Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің оқытушылары:

а.ш.ғ.к. Исхан Қайрат Жәлелұлы,

в.ғ.к. Несипбаева Айгуль Кадировна,

в.ғ.м. Зиябек Дана Бектасқызы,

PhD доктор Бименова Жанат Жолшыбайқызы

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
jojobetgrandpashabetgrandpashabetgrandpashabetgrandpashabetgrandpashabetHoliganbetJojobetPusulabetPusulabetHoliganbetescort dameshuhubetjojobetbetgarantiHoliganbetjojobet girişMarsbahiszirvebetpusulabetmojobet girişMatbetMatbetlunabetKavbetjojobetiptvcasibommarsbahisbahsegelbahsegeljojobetsekabetsekabetJojobetsekabetzbahis