Қарағанды облысында бие сүтін құрғақсүт ретінде өндіретін өндіріс ашылды
Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының Дальний ауылдық округінде «ЕуразияИнвест» ЖШС-нің бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру жобасы іске қосылды деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Businessnews.kz.
Аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Осакаров ауданына сапары барысында жаңа өндіріс жұмысымен танысты. Кәсіпорынға сондай-ақ, Қазақ тағам академиясының президенті Төрегелді Шарманов та барды.
Құны 830 млн. теңгеден асатын бұл жобаны іске асыру жылына 10 тонна құрғақ ұнтақтың өндірісін ретке келтіруге мүмкіндік береді. Бұл ұнтақ Қазақстанның азық-түлік, фармацевтивалық және косметологиялық өнеркәсібінде пайдаланып, сондай-ақ Еуроодақ елдеріне экспортталады.
Аймақ үшін ең бастысы — жобаның әлеуметтік аспектісі, себебі ол 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Аталған жоба — Индустрияландыру картасына Осакаров ауданынан енгізілген үш жобаның бірі.
Businessnews.kz