СҚО-дағы «Құлан» бағдарламасы

7946

2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 56 ауыл шаруашылығын өндіруші «Құлан» бағдарламасының қатысушысы атанды. Олар 1700 мыңнан астам жылқы сатып алды. Бұл туралы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ СҚОФ бас маманы Алмас Сердалин хабарлады.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі «Құлан» бағдарламасы бойынша 1000 бас жылқы сатып алуға кредитік ресурстарды игеру бойынша СҚО үшін шеберлік жоспарын белгіледі. Биыл АҚ филиалы облыс бойынша 56 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландырды, олар 1584 бас жылқы, 153 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынды», — деді А. Сердалин.

СҚО-да кәсіпкерлер арасында «Құлан» бағдарламасы сұранысқа ие. Ауылдық жерлерде жылқы шаруашылығын дамыту бойынша енгізілген бағдарлама арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың табысы артуда.

kazinform.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!