Павлодар облысында қазақ жылқысының жаңа тұқымы шығарылды

8338

Павлодар облысында қазақ жылқысының «Жәбе» атты жаңа тұқымы шығарылды. Текті жануарға сұраныс күннен күнге артуда. Керекулік шаруаларға Қостанай, Көкшетау, Семей, Қарағанды және Алматыдан атбегілер келуде.

Мұса ЖАНАТАЕВ, ЖЫЛҚЫШЫ: Енді жылқышы болу үшін жылқышының баласы болу керексің. Ол өзінің атын ұстай алмаса, қамшы-жүген өру білмесе, бие саумаса, жылқы сою білмесе – ол кісі жылқышы емес былай айтқанда. Әкем солай айтатын.  

Мұса Жанатаевтың қол астында қазір 6 адам жұмыс істейді. Әрбір қызметкерді өзі таңдаған. Жылқы асырау кез-келгеннің қолынан келмейтін шаруа болғандықтан, ең алдымен жігіттердің атбегілік өнерін, жануармен қарым-қатынасын сынадым дейді ол.

Ризолла АЯЗБАЕВ, ТАБЫНШЫ: Мұсадан көп нәрсеге үйрендік біз. Енді осындай жылқыны боранда баққанда, қай жағынан қалай шығу керек, қай жерге дейін баратынын. Солай-солай бізге үйреткен өзінің білімдерін.

Мұсаның қызмет етіп жүрген шаруашылығы тек асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысады. Бірнеше жыл ішінде бұнда «Әсем», «Зов» және «Қолшатыр» атты тұқымды арғымақтар шыққан. Будандастырылған соңғы тұқым — қазақ жылқысының бір түрі. Оған Мұса — «Жәбе» деген ат берген.

Мұса ЖАНАТАЕВ, ЖЫЛҚЫШЫ: Сол әкемнің бастап кеткен жұмысы ғой – жәбе. Соны жалғастырып келеміз. Негізі – ол жеңіл жұмыс емес, бір жылда істейтін селекция деген. Ол бәлен жыл жасап келеміз.

Aта  дәстүрін жандандырып, келер ұрпаққа өнеге болып жүрген Мұсаның ерен еңбегін жергілікті аудан басшылығы да жоғары бағалап отыр. Жаңа жыл қарсаңында Жанатаевтар отбасын шаруашылық директорының өзі де құттықтады.

kazakh-tv.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.