Әзірге «Алтын тұлпарға» 70-тен астам ат тіркелді

4698

Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтетіні бұған дейін де хабарланған болатын. Бүгін Елордада өтетін тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен «Астана жұлдызы» республикалық турниріне қатысты баспасөз мәсілихатында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті 11 қыркүйек күні өтетін айтулы шараға қатысты өз пікірін білдірді.

Биылғы жылы үшінші рет өткелі отырған айтулы аламанға әзірге 70-тен астам жүйрік тіркеліп үлгерген.

«Қазіргі жағдайда 70-тен астам ат тіркелді. Алда әлі де бір-екі күн уақыттың бар екенін ескерсек, бұл көрсеткіш өзгеретіні анық. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы 80-нен астам ат қатысқан болатын. Биыл да сол мөлшерге жетеміз деген ой бар. Жалпы «Алтын тұлпар» аламанына қатысты алдағы уақытта кеңінен отырып, тағы бір баспасөз мәсілихатын өткізетін шығармыз, Сол кезде толығырақ айтуға болады» — деді вице-президент.

Естеріңізде болса, алдағы 11-қыркүйекте республикалық деңгейде дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бас демеушісі «Самұрық қазына» ҰК АҚ болатын бәйгенің өтуіне «Нұр Отан» партиясы қолдау білдіріп отыр. Алғашқы жылы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына, келесі жылы, яғни былтыр Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аламан бтыл ел тәуелсіздігінің 25 жалдық мерейтойына арналып отыр.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!