«Астана жұлдызында» «Теңге ілуден» Бердіғали Жәкішов жүлдегер атанды (фото)

3532

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Елордадағы «Қазанат» атшабарында өткен «Астана жұлдызы» руспубликалық турнирі өз мәресіне жетті.
Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған тұңғыш турнир ұлттық спортымыздың оншақты түрінен өтті.
Байрақты бәсекеде 14 облыс және Астана мен Алматы қалаларының құрыш білек жігіттері мен құйматұяқ сәйгүліктері бақ сынады.

Елордада тұңғыш рет өткізіліп отырған турнирдің шымылдығын «Теңге ілу» ойыны ашып, жеті сайыпқыран бәсекеге түсті.

Үшінші орынды – Сапарбек Мағжан жеңіп алса, екінші орынның тұғырынан Әлихан Бәшімбаев көрінді. Бердіғали Жәкішов «Теңге ілу» сайсы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Арғымағы мен ептілігі сәйкескен сайыпқыран жігіттерге Астана қаласы әкімі атынан ақшалай сыйлық берілді.

Естеріңізге сала кетейін, ертең, яғни 11-қыркүйек күні сағат 10:00-де Астана қаласынан 30 шақырым жердегі «Қабанбай батыр» ауылының маңында, батыр кесенесінің жанында дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді. Барамын деушілерге «Азия парк» ОСО жанынан арнайы автобустар қызмет көрсетеді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!