«Қыз қуу» турнир көркін қыздырды (фото)

8965

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Елордадағы «Қазанат» атшабарында өткен «Астана жұлдызы» руспубликалық турнирі барысында «Қызқуар» ұлттық ойыны көрсетілді.
Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған тұңғыш турнир өте тартысты өтті. «Теңге ілу», «Қызқуар», «Көкпар», «бәйге» т.б. қатарлы ұлттық спортымыздың оншақты түрінен сынға түскен саңлақтар, әсіресе «Қызқуардың» қызығына ерекше тәнті болды.
Анау-мынау жігіттерден артық ат құлағында ойнайтын аруларымыздың шабандоздығына тәнті болмаған жан жоқ.
Тазы жүгіртіп, қыран көтерген азаматтардың арасында ат құлағында ойнап, өз өнерлерін ортаға салып жүрген аруларымызға сүйсінбеген көреремен кем де кем.
Ендеше, «мың естігеннен бір көрген артық» дегендей арғымақты ауыздықтаған аруларымыздың өнерін сіздер де тамашалаңыздар.

Естеріңізге сала кетейін, ертең, яғни 11-қыркүйек күні сағат 10:00-де Астана қаласынан 30 шақырым жердегі «Қабанбай батыр» ауылының маңында, батыр кесенесінің жанында дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді. Барамын деушілерге «Азия парк» ОСО жанынан арнайы автобустар қызмет көрсетеді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.