«Астана жұлдызы» турнирінде астаналық көпаршылар топ жарды

4651

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Елордадағы «Қазанат» атшабарында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Ұлттық спорт тұрлері қауымдасытығының ұйымдастыруымен «Астана жұлдызы» руспубликалық турнирі өтті.

Елордада алғаш рет ұйымдастырылған турнир барысында ұлттық спортымыздың оннан аса түрінен еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларының спортшылары сынға түсті.

Көкпар командалары арасында ақтық бәсекеге түскен Астана қаласының «Тұлпар» командасы мен Ақмола облысының «Ерейментау» көкпар командасының арасында өткен бәсеке тартысқа толы болды.

Елорданың намысын қорғаған жігіттер намысты қолдан бермей, ақмолалықтарды 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ер жігіттің білек күші мен ылдым-жылдым жылдамдығы, жүректілігі сынға түсер тартысты бәсекеде Қостанай облысының командасы үшінші орынға тұрақтаса, «Ерейментаудың» өрендері екінші орынға жайғасты. Ал бірінші орын Астананың қанжығасында қалды.

Естеріңізге сала кетейін, ертең, яғни 11-қыркүйек күні сағат 10:00-де Астана қаласынан 30 шақырым жердегі «Қабанбай батыр» ауылының маңында, батыр кесенесінің жанында дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді. Барамын деушілерге «Азия парк» ОСО жанынан арнайы автобустар қызмет көрсетеді.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!