Ақмола облысында жылқы ұрлығы тыйылмай тұр

4393

Астана маңындағы ауылдар барымтадан сорлап отыр. Мал ұрысы күз түскелі тіпті еркінсіп алған. Ал тәртіп сақшыларынан күдер үзген шаруалар, түн ұйықтамай дала кезіп жүр. Алда соғым маусымы қызатын шақ. Сондықтан, ауылдағы ағайын ұрыларды ұстап бергендерге, тіпті миллион теңге сыйақы беруге де бар.

КТК арнасының хабарлауына қарағанда, Астанадан 25 шақырым жердегі Тайтөбе ауылы тұрғындарының түн ұйқысы қашқан. Күз келіп, мал күйленгелі маңайды ұрылар торуылдап жүр. Азат Құрманбаев ата кәсіпті он жылдан бері қолға алған. Маңдай термен өсірген 20 бас жылқысы бір түнде жоқ болыпты.

Азат Құрманбаев, Тайтөбе ауылының тұрғыны:

-Жарты үйір жоғалған. Нақты 10 бие, 9 жабағы, бір айғыр. Ауылда бір кісі пайда болды. Сол кісі білмеймін, шақыртып жатқан шығар жан-жақтан ұрыларды.

Жылқысын ұрыдан торып, түн ұзақ дала кезетін жігіт көрген-білгенін полицейлерге жазып беріпті. Бірақ нәтиже жоқ. Шаруаның шығыны 6 млн теңгеден асады. Он ту биені қайта өсіру үшін кемі 5-6 жыл керек.

Жылқы жоғалып, шағым берілген күннен бастап бір апта уақыт өтті, бірақ ешқандай жаңалық жоқ. Ендігі жерде шаруа үйінде тұрған елу бас бие үшін алаңдаулы.

Ұрылар үйге түсуден де тайынбайтын сынды. Осыдан екі ай бұрын Азаттың көршісінің жылқысын көше бойында атып алып, етін талап әкеткен.

Рустам Есенбаев, Тайтөбе ауылының тұрғыны:

-Төрт аяғы мен ішек қарыны ғана жатыр. Сосын полиция шақырдық. Табылған жоқ, іздестіріп жатыр.

Полиция іс бітірмеген соң, ауылдықтар ұрының басына болмаса да, ол туралы ақпаратқа миллион теңге тігіп отыр.

Азат Құрманбаев, Тайтөбе ауылының тұрғыны:

-Көрген, естіген адамдар бар шығар. Егер ұры жайлы ақпарат берсе, Мен өзім бір бие беремін, көршіммен сөйлескем, ол да бір бие беремін деді. Енді мына ұрлықты тоқтату керек.

Ұрлықтың өршіп тұрғанын әкімдер де біледі. Прокурор, полицейлермен күш біріктіріп, барымташыларды күн-түн аңдуға шыққан. Алайда бір көлікке өңгерілген қарауыл қора-қораны араламай, ауыл сыртында ұрларды аңдып қана тұрады дейді тайтөбеліктер.

Дінмұхаммед Қалиев, Қосшы ауылдық округінің әкімі:

-Ауылда 50 мыңдай халық тұрады. Осы адамға 5 учакелік инспектор бөлінген. Норматив бойынша 2500 адамға бір инспектор болуы керек. Штат жетіспейді.

Жиырма сақшының жұмысын бес инспектор шамасы келгенше сүйреп жүр. Елу мың халықтың тыныштығы мен қора-қора малдың бүтіндігіне жауапты полицейлердің журналистермен тілдесуге уақыты да, зауқы да жоқ. Іздеп жатырмыз деп шығарып салды.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.