Таза қанды ағылшын мініс жылқысының қалыптасу тарихы

11299

Англияда таза қанды мініс жылқы тұқымы XVII ғасырдың екінші жартысында жергілікті тұқымды шығыстық (варвар, түрік, араб, түркімен), сондай-ақ еуропалық (неополитандық және испандық) тұқымдарымен қайталап шағылыстыру нәтижесінде алынған. Таза қанды мініс тұқымының алғаш пайда болуы 1660-1668 жылдардан басталады.

Сол замандағы королдық зауыттарда жарыстарда көзге түскен шығыстан шыққан билер де (көбінесе, Танжер мен Африкадан сатып алынған), шығыстық тұқым арқылы жақсарған жергілікті биелер де жиналған еді. «Королдық аналықтар» деп аталған осы жылқылар, яғни қазіргі таза қанды жылқылардың енелері сырттан әкелінген айғырлармен шағылыстырылды. Қазіргі таза қанды барлық мініс жылқылары аталық жағынан шығыстық үш айғырдан тараған.

Солардың біреуі – Түркиядан әкелінген Бейерлей-Терк (1683 жылы Венаны қоршауға алғанда түріктерден тартып алынған), мөлшері араб жылқысы.

thebyerley

Екіншісі – Дарлей-Арабиан (Алепода сатып алынып, Англияға 1710 жылы әкелінген), сақталған бейне суретіне қарағанда шығу тегі Орта Азиялық жылқы.

darley-arabian

Үшіншісі – Годольфин-Арабиан, сірә солтүстік Африкалық (варварейлік) жылқы болуы ықтимал.

horse_godolphin_arabian-big

Тұқымды шығарудың алғашқы кезеңдерінде жақын инбридингтер қолданылды, бірақ 1748 жылы Матчем (Годольфин-Арабианның немересі), 1758 жылы Херод (Бейерлей-Терктің шөбересі) және 1764 жылы Эклимпс (Дарлей-Арабианның шөбересі) айғырлары алынғанннан кейін осы ата-тектің ұрпақтарын бір-бірімен шағылыстыру кең пайдаланыла бастады. Осы уақытта тұқым толық қалыптасты деуге болады. Тұқымның қалыптасуы қолайлы ауа райы мен жақсы азықтандыру, жүйелі тренинг пен жарыстарда сынау жағдайында өтті. Іріктеу тек сынаудың нәтижелері арқылы ғана жүргізілді. Тұқымды өсіру түрліше болды: Англияның солтүстігінде үйірлік шағылыстыру кең қолданылды, ал оңтүстікте тек қолмен шағылыстыру қолданылды. Жайылымды барынша пайдалану жүзеге асырылды, мұнымен қоса оңтүстікте жасанды жайылымды да пайдалану кең етек жайды.

1793 жылы Англияда тектік мәліметтері 1660 жылдан бастап енгізілген таза қанды мініс жылқыларының тұқымы (студбук) туралы кітаптың I томы баспадан шықты. Тұқым туралы кітаптың келесі томына I томда ата-енесі жазылмаған аттардың бірде-біреуі енгізілген жоқ.

XVIII ғасырдың соңғы онжылдығының өзінде таза қанды жылқыларды Англиядан тысқары жерлерге шығару басталды және олар жалпы халықтық қолдауға ие болып, кең тарала бастады. Ең әуелі Англиядан таза қанды мініс жылқыларын француз бен американ жылқы зауыттары өздеріне алдыртты. Содан соң Ресейге әкелу басталды, кейін бүкіл Еуропа елдеріне тарай бастады. Басқа континенттерге таза қанды мініс жылқылары Англияның қарамағындағы (билігіндегі) елдер мен мемлекеттер арқылы барды. Ресейде таза қанды мініс жылқыларын өсірумен XVIII ғасырдың соңғы онжылдығында айналыса бастады.

Таза қанды мініс жылқысын алғаш рет Ресейге граф А.Г.Орлов-Чесменский шағылыстыруға пайдаланып, орлов мініс жылқысын шығару үшін әкелген еді. 1780-1790 жылдары А.Г.Орлов-Чесменскийдің және Ф.С.Маслов пен Муравьев-Апостолдың таза қанды мініс жылқы зауыттарының негізі қаланды. 1772 жылдан бастап, 1808 жылға дейін Мәскеуде Ресейге сырттан әкелінген және Ресейдің өзінде туған сәйгүліктер қатысқан жарыстар өтіліп тұрды.

orlov

1812 жылғы Отан соғысынан кейін Ресейде таза қанды мініс жылқысына деген қызығушылық арта түсті. 1825 жылы Лебедияни қаласында Ресейдің алғашқы ат шабыс қоғамы құрылды, ал 1834 жылы ат шабыс қоғамы Мәскеуде ұйымдастырылған еді.

1826 жылы ағылшындардың студбукының II томы орыс тілінде басылып шықты да, 1836 жылы Ресейдегі шабыс аттары мен таза қанды жылқылардың зауыттық кітабының алғашқы томы жарық көрді.

1840 жылдан бастап Ресейде таза қанды мініс жылқыларын дайындайтын зауыттардың құлдырай бастағаны байқалады, бұл жағдай 80 жылдарға дейін созылды.

1880 жылдардан бастап таза қанды жылқыларды өсіруге арналған зауыттар қайтадан жандана бастаған. Бұл — ат жарыс пен ат өсірушілерді ынталандыруға айтарлықтай қаражат берген ипподромдардағы тотализаторлардың ашылуымен байланысты. Әскери мекемелер тарапынан да мініс аттарының жақсара түсуіне сұраныс күшейді. Ал бұл болса, таза қанды мініс жылқыларының сапасын арттыра түсуге орасан ықпал жасады.

1886 жылы Мәскеуде «Бүкіл ресейлік Дерби» сыйлығы тағайындалды. Ол — әуелі 2 верст 133 сажан қашықтыққа, содан соң 1900 жылдан бастап, 2 верст 144 сажан қашықтыққа арналды. Басқа да сыйлықтардың құны айтарлықтай көтерілді. Бұл — аталық құрамның өсіп-өркендеуіне жағдай туғызды. Таза қанды жылқы өсіру зауыттары Орта Азия мен Қиыр шығыс секілді Ресейдің алыс аудандарында да дами бастады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс пен шет мемлекеттердің басқыншылық жорығы Ресейдегі таза қанды жылқы өсіру зауыттарын толық жойып жіберуге шақ қалды.

Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейін таза қанды жылқы өсіру зауыттары қайтадан қалпына келе бастады.

1921 жылы алғашқы жылқы зауыттары ұйымдастырылды, олардың ішінде кейін «Восход» деп аталған «Кубано-Черноморский» жылқы зауыты болды. Жылқы зауыттары әскери құрылымдардан және Кеңестік мекемелердің жылқы деполарынан, ауылдық Кеңестерден, тағы басқа жерлерден әкелінген жылқылардан іріктеліп, жинақталды.

1925 жылы жоғары бағыттағы жылқы зауыттары 206 бие жинап ала алды. Олар 1926 жылы мемлекеттік тұқымдық кітапқа енгізілген еді. Бұл жерде мынаны атап өту керек: Бұл 206 бие неше түрлі зауыттарға таратылып, осы іс-шараның арқасында 1940 жылы таза қанды аналықтардың саны мамандандырылған 10 жылқы зауыттарында 800 басқа жетті.

Ұлы Отан соғысы басталып, жау қолына Кеңес отағының көп жерлері өтіп кеткен кезінде «Восход» пен «Днепропетровск» жылқы зауыттарының тұқымдық құрамы құрып кеткен еді. Қалған зауыттар да басқа жерге көшіру кезінде үлкен шығынға ұшырады. 01.01.1945 жылы КСРО-дағы жылқы зауыттарында таза қанды аналықтардың жалпы саны 1941 жылғы мал басының 63%-н құрады. 1950 жылы тұқымның аталық құрамы соғысқа дейінгі көлемге жетті.

Таза қанды мініс тұқымының болуы басқа да мініс тұқымдарының өсуіне үлкен ықпалын тигізді. Бұл — әскерге жылқы дайындау үшін және жаппай жылқы өсіруді жақсарту үшін жылқы өсіретін зауыттарды ұйымдастыруда айырықша байқалды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда таза қанды мініс жылқыларын өсірумен көптеген тұқымдық шаруашылықтар мен жылқы зауыттары айналысады.

Қазақстанда таза қанды мініс тұқымын пайдаланудың арқасында Қостанай және Көшім жылқы тұқымдары шығарылған.

Қазақстанда таза қанды ағылшын тұқымынын әлемге әйгілі аталық іздері көптеп өсірілуде. Атап айтатын болсақ, олар: Неартиг-Нортерн Дансера, Нэйтив Дансера, Неарко-Назруллы.

 Khairat I.Ауыл шарушылығы ғылымдарының кандидаты,

доцент Қайрат Исхан

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.