«Астана кубогының» бас жүлдесі — 20 мың доллар

3019

Бұл бәйге Астана төрінде өткізілгелі отырған биылғы жылғы алғашқы ірі ат жарысы. «Астана кубогын» сарапқа салуға республикамыздың барлық өңірінің сәйгүліктері төмендегідей шарттармен қатыстырылады.  «Астана кубогы» үшін өтетін ұлттық спорт мерекесі екі қашықтық бойынша (аламан – 25 шақырым, бәйге – 16 шақырым) ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, бәйгенің әр түріне барлық облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары 2 жүйріктен қоса алады.

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында өтетін бәйгенің жалпы жүлде қоры – 20 000 000 теңге. 25 шақырымдық  аламан бәйгенің бас жүлдесін алған сәйгүлік иесіне  – 6 600 000 теңге берілмек.

Жарысты ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.

Республикалық турнирдің жүлде қорын ұсынушы – Астана қаласы әкімдігі.

Бәйге түрлерінен өтетін республикалық турнир ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы жариялаған «Астананың 20 жылдығына – 20 ұлттық-спорттық іс шара» кампаниясы аясында ұйымдастырылып отыр.

«Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда!» «Астана кубогы» ат жарысының бас бәйгесі  мен Кубогы қай өңірдің сәйгүлігіне бұйырмақ? Басталуына санаулы күндер қалған аламан бәйгені тамашалауға асығыңыз, ағайын!

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!