Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан ұлттық құрама Түркияға аттанды

4651

Бүгін ұлттық спорт түрлерінен бірнеше команда Түркияға аттанды. Командалар желтоқсан айында он күнге жуық Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан ұлттық құрама командалары тұңғыш рет Қазақстаннан тысқары жерде оқу-жаттығу жиынына аттанды.  ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бұл оқу-жаттығу жиыны 2019 жылы жоспарланған Әлемдік, Халықаралық чемпионаттар алдындағы  даярлықтың бастамасы.

Бұл сапарға ұлттық спорт жарыстарында елішілік жарыстардың үздіктері ғана емес, Азия, Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған саңлақ спортшылар іріктеліп алынды.  Мысалы, көкпар командасы спортшыларының бірнешеуі  2013 жылғы Азия және 2017 жылғы Әлем чемпионатының чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері. Аударыспақ, Теңге ілу мен Жамбы ату спортшылары да кілең Азия чемпионаты мен халықаралық фестиваль жеңімпаздары. Команда жетекшілері құрамында ҚР Ұлттық спорт командаларының бас бапкері Қуанышбек Құрамаев және  ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Жанбатыр Бекмұсаев пен Нүркен Байбөриев бар.

Еске салып өтсек, биылғы жылы  ұлттық спорт мамандары мен спортшылары Түркияның Анталия қаласында Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған форумға және Ыстамбұлда өткен  Дүниежүзілік  этноспорт фестивалына қатысқан болатын. Сондай-ақ, Қазақстан көкпар командасы 2012 жылы және 2018 жылы Түркияда өткен көкпар бәсекесінде бас жүлдені иеленді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.