Өзбекстанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді

4223

Көкпардан кезекті Әлем Чемпионаты 2019 жылдың қараша айында өзбек елінде өтеді. Бұл туралы Ташкентте болған көкпар федерацияларының халықаралық жиынында айтылды.

Конгреске Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Ауғанстан, АҚШ, жалпы жиыны сегіз елдің өкілдері аталмыш бәсекеге қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, Көкпардан ІІ Әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын пысықтады.

Жиынға қатысушылардың хаттамаға түскен ортақ шешімі бойынша, жарыстың ережелерін нақтылауға арналған кезекті Конгресс Астанада өтетін болып бекітілді.

Еске сала кетейік, 2017 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында көкпардан тұңғыш Әлем чемпионаты Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық Қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен еді. Мәртебелі жарысқа АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Венгрия және өз еліміздің көкпаршылары қатысты.

Жалпы жүлде қоры 18 миллион теңгені құраған І Әлем чемпионатының ақтық сынында Қазақстан құрама командасы айыр қалпақты ағайындарды 3:1 есебімен жеңіп, Әлем чемпионы атанған болатын.

argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.