Қазақстан құрамасы Азия чемпион атанды

3787

Бір аптаға созылған дүбірлі доданың да соңғы сайысы аяқталды. Көкпардың топтық кезеңі бойынша үздік шыққан қос команда – Қазақстан мен Моңғолия көкпаршылары финалдық кездесуде нағыз мықтыны анықтады.

Азияның азулы көшпенділерінің ұрпақтары арасында өткен кездесу тартысқа толы болды. Қазақстан құрамасының капитаны, «Көкпар ойынының Ұлы ойыншысы» атанып үлгерген жас берен Құрманбек Тұрғанбектің жігіттері алаң қожайыны өздері екенін бұған дейін де дәлелдеген еді, финалда да барын салды.

Ал бұған дейін Азия чемпионатында Аударыспақ бойынша 80+ келіде чемпион атанған, Теңге ілудің Қола жүлдесін қанжығасына байлап үлгерген Жеңісбек Серікұлының командасы да мықтылығын танытты.

Сонымен баян-өлгийлік бауырлармен өткен кездесудің алғашқы бөлігінде қос команда есепті 2:1-ге жеткізді.

Көрерменнің, әсіресе Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ІІ халықаралық форумына келген шетелдік қонақтардың қанын қыздырып, нағыз көшпенділік рухты сезіндірген екінші таймда ойыншылар есепті 8:3 жеткізді. Жеңіс жерлестеріміздің тақымында тулады.

Осылай Елбасының тікелей тапсырмасымен жарияланған Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының Көкпар бойынша жеңімпазы Қазақстан құрамасы болды.

argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.