Ел чемпионаты. Атырау айқын басымдықта
Тараз қаласының жанындағы Бектөбе ипподромында Көкпардан ересектер арасындағы ХІХ Қазақстан чемпионатында топтық кездесудің үшінші қарсыластары БҚО құрамасы мен Атырау облысы құрамалары арасындағы дода ә дегеннен-ақ тартысты басталды.
БҚО құрамасы:
1-номерде: Бақытжан Дәуренбеков, мінген аты – Байторы
2-номерде: Бағдәулет Сейдәлиев – Темучин
3-номерде: Ерлан Саев – Арғымақ
4-номерде: Нұрсұлтан Тілегенов – Сары
5-номерде: Мұхит Әмірәлиев – Тұмар
6-номерде: Жарас Құралас – Дончак
7-номерде: Самат Тельман – Жаппар
8-номерде: Абылай Сейдезбай – Нұрсары
9-номерде: Амангелді Қалиакберов – Найзағай
10-номерде: Мұратбек Балиабеков – Қалмақторы
11-номерде: Бекнұр Әбдірахманов – Нұрсары
12-номерде: Рахметолла Темірбеков – Көктопай
Атырау облысының құрамасы:
1-номерде: Нұрлыхан Ұлықпанов, мінген аты – Мизам
2-номерде: Ынтымақ – Сарыгүл
3-номерде: Бақытжан Әзімбай – Боран
4-номерде: Жомарт Сансызбай – Жебе
5-номерде: Эльдар Жиенқұлов – Сиякөк
6-номерде: Айбек Болат – Нарынкөк
7-номерде: Ұлан Байтөриев – Мерке жирен
8-номерде: Қайыржан Сүлейменов – Сары бақ
9-номерде: Алмат Жүнісов – Найман күрең
10-номерде: Александр Пупенко – Бүркіт торы
11-номерде: Жасұлан Айтбай – Сүлікқара
12-номерде: Нұржан Ерехан – Жайық қасқа
Екі құраманың арасындағы ойын қанша тартысты ойнаса да, БҚО балуандары салым салғызбауға қанша тырысса да Атыраудың алыптары алғашқы айналымның өзінде-ақ есепті 7:0-ге жеткізді.
Командалар арасындағы тартысты, атыраулықтардың шабуылын, батыстың жігіттерінің қорғанысын көріп отырып жаның сүйсінетін аламан-асыр тартыс болды.
Соған қарамастан, мықты қашанда мықтылығын танытады дегендей, атыраулық алыптар ойынның екінші бөлімінде алаң тізгінін мықтап қолға алды.
Ойын аяқталғанда есеп 13:2-ге жетті. Атыраулықтар айқын басымдықпен БҚО құрамасын жеңіп шықты.