Ел чемпионаты. Алматы құрамасы СҚО балуандарына есе жіберді

2499

С тобының соңғы екі ойынының алғашқысы Алматы қаласының құрамасы мен СҚО құрамалары арасында өтті.

С тобында – Алматы қаласының құрамасы, Қостанай облысының құрамасы, Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрамасы сайысқа түсті.

СҚО құрамасы кеше Қостанайдың жігіттерін 9:0 ғып ұтқан болатын. Ал алматылықтар бұған дейінгі екі ойында да есе жіберген. Яғни «Әулие ата» мен Қостанай құрамасынан ұтылған еді.

Алматы қаласының құрамасы, команда капитаны – Асқар Оңғарбаев, жетекшісі – Жандос Көлбаев, жаттықтырушысы – Түймебек Жұмалиев.

СҚО құрамасы, команда капитаны – Еркебұлан Дүйсеков, жетекшісі, жаттықтырушысы – Рамазан Махатов

Ойынның алғашқы бөлігінде СҚО құрамасы тізгінді өз қолдарына алып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші айналымда Алматы құрамасы ширақтық танытты. Шеңбер маңындағы ширыққан сәттерде құрама жігіттері ауызбірлік танытып, есепті теңестіріп үлгерді. Алайда, бұл көрсеткішті алматылықтар ұзақ сақтап тұра алмады. СҚО сайыпқырандары ойын соңында есепті 6:3-ке жеткізіп, бұл ойынның нүктесін қойды.

Салым салғандар:

Алматы қаласы құрамасы: Абай Ережеп – 1 салым, Нұрсұлтан Молберген – 1 салым, Айдос Ерген – 1 салым.

СҚО құрамасы: Еркебұлан Дүйсеков – 1 салым, Руслан Смағұлов – 1 салым, Данияр Ғалинұров – 1 салым, Нұрсұлтан Әбесов – 3 салым.

Естеріңзге сала отырайық, мұнан кейін алаңға Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Қостанай облысының құрамасы шығатын болады. Егер «Әулие ата» қостанайлықтардың қапысын табар болса, С тобында көшбастайды.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum

CasibomCasibom Giriş