Ел чемпионаты. Жартылай финалда ойнайтын командалар белгілі болды

2879

С тобында шешуші ойын Қостанай облысының құрамасы мен Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы арасында өтті.

С тобында — Алматы қаласының құрамасы, Қостанай облысының құрамасы, Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрамасы сайысқа түсуде.

«Әулие ата» бұған дейін Алматы қаласының құрамасын 8:0, СҚО құрамасын 15:2 есебімен ұтқан болатын. Бүгін Қостанай облысының балуандарымен тақым түйістірген жамбылдықтар ойынның алғашқы кезеңінде-ақ есепті 8:0-ге жеткізді.

Қостанай облысының құрамасы, команда капитаны – Алдияр Байтасов, жетекшісі – Рыскелді Байтасов.

Жамбыл облысы «Әулие ата» командасы, команда капитаны – Есжан Құрманбай, жетекшісі – Үмбет Күшікбаев, жаттықтырушысы – Есжан Құоманбай.

Ойынның екінші айналымы да шеңберге «Әулие ата» жігіттері апарып салады, оны қостанайлық жігіттер алаң ортасына алып келумен өтті.

Алаң иелері өз жерінде ешкімге дес бермейтінін тағы дәлелдеді. Есеп – 15:1. Жеңіс – «Әулие ата» командасының қанжығасында.

Салым салғандар:

Қостанай облысы құрамасы: Бақдәулет Асанов – 1 салым.

«Әулие ата»: Есжан Құрманбай – 2 салым, Манарбек Дүйсенбиев – 1 салым, Ернат Мәлімбай – 1 салым, Құлажан Тоғайбаев – 1 салым, Болатбек Әлімбетов – 2 салым, Ернар Жарылқасын – 2 салым, Ислам Рәт – 2 салым, Бағлан Ширимбаев – 1 салым, Құрманбек Тұрғанбек – 2 салым.

Естеріңізде болса, бұған дейін, А тобынан Түркістан облысының «Құлагер», В тобынан Атырау облысының «Нарын» командасы және D тобынан Ақмола облысының «Жекебатыр» командасы үздік шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен, ересектер арасында көкпардан ХІХ кезекті Қазақстан чемпионатының ширек финалына шыққан командалар анықталды. Олар:

Түркістаноблысының «Құлагер» командасы;

Атырау облысының «Нарын» командасы;

Ақмолаоблысының «Жекебатыр» командасы;

Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы

Финалдық ойындар 26 мамыр күні өтеді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.