Ел чемпионаты. Теңге ілу сайысы басталды

2883

Тараз қаласының қасындағы Бектөбе атшабарында басталған Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының бүгін төртінші күні басталды.

Чемпионат кестесі бойынша бүгін түске дейін Теңге ілуден ептілер сайысы өтсе, түстен кейін Жамбы атудың сұрмергендері алаңға шығатын болады.

Сонымен, ел бойынша Теңге ілуде 20 спортшы бақ сынайтын болады. Жамбыл облысынан – 2, Қызылордадан – 2, Түркістан облысынан – 2, ШҚО – 2, Ақтөбе облысынан – 2, Алматы қаласынан – 2 спортшы сайысқа түседі. Ал Павлодар, СҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Ақмола, Атырау облыстарынан бір-бір ойыншыдан қатысады.

Олай болса, сайысқа қатысатын спортшылармен таныс болайық:

Зәуірбек Сұлтан (Алматы қаласы)

Бердібек Татай (Алматы қаласы)

Айнабек Бердіқұлов (Жамбыл облысы)

Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы)

Бағдәулет Ғаниұлы (Қызылорда облысы)

Нұрберген Ташмағанбет (Қызылорда облысы)

Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы)

Рахат Қомбаров (Түркістан облысы)

Елдос Асқарұлы (ШҚО)

Мұхамед Қанатбеков (ШҚО)

Тимурхан Иманғалиев (Ақтөбе облысы)

Нұрхан Елжанов (Ақтөбе облысы)

Елдос Жұмағали (Павлодар облысы)

Данияр Серік (СҚО)

Төлеген Серғазиев (Қарағанды облысы)

Асабек Төребаев (Қостанай облысы)

Битөре Ахметәлі (Маңғысау облысы)

Самат Әбиір (Атырау облысы)

Мағжан Жеңісов (БҚО)

Шәкәрім Қабылдин (Ақмола облысы)

Теңге ілу ойынына Нұр-Сұлтан қаласы мен Шымкент қаласынан және Алматы облысынан ойыншы қатысқан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 19-26 мамыр аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласының жанындағы Бектөбе атшабарында Ұлттық ат спорты түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай көкпардан топтық кезең аяқталды. 26 мамыр күні финалдық ойындар өтетін болады. Ал бүгін түстен кейін Жамбы атушылар өз ара мергенді анықтайтын болады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.