Көкпар. Ел чемпионаты ерекше жағдайда өтіп жатыр

4762

Көкпардан Қазақстан чемпионаты наурыз айында өтуі керек болатын. Алайда, коронавирус індетіне байланысты елдегі барлық спорттық шаралар секілді көкпар да өтпейтін болды.

Дегенмен осындай қиын кезеңде көкпар сүйер қауымға арнап онлайн турнир өткізейік деп шештік. Турнир инстаграмдағы @etnosport.kz парақшасында дауыс беру арқылы өтеді. Жарысқа еліміздің он алты командасы қатысып жатыр. Көрермендер сторизда ұсынылған екі команданың біріне дауыс беріп, жеңімпазды анықтайды – дейді Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі.

1/8 финал бүгін аяқталды. “Құлагер” командасының ширек финалға өтпей қалғаны жарыстың бірінші күнінің басты сенсациясы деуге болады.

Дауыс беруге қатысқан жанкүйердің 51% Қостанай облысына дауыс берсе, 49% “Құлагер” командасын таңдады. Құлагер командасы бұған дейін 6 рет ел чемпионы атанған болатын.

Жарыс әлі де жалғасады. Онлайн чемпионаттың финалы сәуірдің 20-сы күні өтеді.

karantin

Көкпар карантин турнирінің 1/4 финалы 17 сәуір күні 10:00-де басталады. Дауыс беру кешкі сағат 22:00-де аяқталады.

Ширек финалға жолдама алған жұптар:

Қостанай – Алматы

Әулие ата – Ақмола

Нарын – БҚО

Адай ата – ШҚО

Есретіңізге сала кетейік, өткен жылы Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы ел чемпионы атанған болатын. Ел тарихында ХХ рет өтіп отырған көкпар додасы биыл айрықша жағдайда жалауын көтерді. Бұған дейінгі ел чемпионы атанған командларды мына жерден біле аласыздар.

argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.