АШМ: Қырғызстаннан ауырған жылқы етін әкеп сатып жатыр деген – жалған

2778

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қырғызстан Республикасында жылқылардың белгісіз вируспен ауырып және олардың еті Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына базарға сатуға әкелініп жатыр деген ақпарат жалған.

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өлім аузында жатқан биені түсірген кадрлар пайда болды. Бейне түсірген адам жануар белгісіз вирусты жұқтырды деп болжайды. Қырғызстанның ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясының ресми сайтында «Бүгінгі таңда Қырғызстанда жылқылардың жаппай ауруы анықталған жоқ» делінген. Ал, бейнетаспаға түсірілген жылқының өлімі уланудан және асқазанда қандала тарап кеткендіктен болған – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қырғызстан Республикасынан Қазақстанға ет және ет өнімдерін тасмалдау (импорттау) болмаған.

Сондықтан, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған жалған хабарлама үшін біздің азаматтарымыздың алаңдауына ешқандай негіз жоқ – деді министрлік мамандары.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.