«Ер қанаты». Жаңа жоба қолға алынды (ВИДЕО)

4027

Жылқының отаны болған Қазақ даласында атқа міну мәдениетін дамыту мақсатында тағы бір жақсы жоба қолға алынды.

Жобаның мақсаты – ұлттық кодты сақтау. Әрі еліміздегі атқұмар жастардың қызығушылығын оятып, қазіргі таңда елге сыйлы, танымал азаматтармен сұқбат өрбіту. Жоба енді ғана қолға алынып жатыр. Басында «Ер қанаты – ат» деп атағанбыз жобаны. Артынан шығармашылық топпен ақылдаса келе, «Ер қанаты» деп қалтыруды ұйғардық. Себебі, бұл жерде жылқыдан басқа да түрлі салаға қатысты мәселелер айтылады — дейді жоба жетекшісі Әділ Орынбасарұлы.

Ұлттық танымдық бағдарлама негізінде жүрілетін жоба негізінен ютуб желісін қолданушыларға арналған. Ешқандай телеарнадан берілмесе де, кез келген адамға қолжетімді болатынын сөзсіз.

Жобаның артықшылығы – әр салада жүрген еліміздің танымал тұлғалары қатысады. Және атқа міну мәдениетін дәріптеу мақсатында ат үстінде сұхбаттасып, ой-пікір алмасу. Сонымен қатар, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру – дейді Әділ Орынбасарұлы.

Төменде жобаның алғашқы қонақтары ҚР Парламент депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мен белгілі әнші Досымжан Таңатардың сұқбатын тамашалаңыздар.

Әріптестеріміздің жақсы жобасына сәттілік тілейміз!

 

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.