Ел чемпионаты. Алматы облысы Алматы қаласына жол берді
Ел чемпионатының бесінші күні екінші болып алаңға шыққан Алматы қаласы мен Алматы облысы құрамалары өзара мықтыны анықтады.
Жетісу жігіттері мен оңтүстік астана сайыпқырандары жақсы ойын көрсетті. Ойынның алғашқы айналымында бір-біріне есе жібермеуге барын салған қос команда бір-бір салым салып, тең аяқтады. Дегенмен, көкпардан хабары бар көрермен Алматы қаласы құрамасының басымдықта екенін байқар еді.
Ойынның екінші айналымында Алматы қаласы жігіттері барын салды. Соның нәтижесінде тағы 2 салым салып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Ал бұл ойында өнер көрсеткен құрамаларды сапы мынадай:
Алматы облысының құрамасы
Смағұл Нұрсұлтан – мінген аты «Тұрпан қара»
Абдрахманов Талғат – «Қаршыға»
Жаманқара Самат – «Мың қазақ»
Қыстықбеков Талант – «Ақтанау»
Тоқтарбаев Ержанат – «Дәубас»
Сейтқалиев Азамат – «Керім ағаш»
Әшімов Аслан – «Жұлдыз»
Мұғыжаров Бауыржан – «Жетісу қара»
Бостанбеков Алишер – «Тұман»
Тобажан Жанарыс – «Елен»
Жандәулет Қадырнұр – «Оқжетпес»
Құралбаев Әділет – «Ақ кеме»
Алматы қаласының құрама командасы
Қанат Марлен – мінген аты «Бақанас»
Азатбек Думан – «Сүлікқара»
Тоқбаев Нұржан – «Бесқасқа»
Жұмашев Тахир – «Байторы»
Абсаметов Ақтілек – «Шеңгелторы»
Бақтыбай Шыңғыс – «Орақбас»
Камилов Сұлтан – «Золотой»
Ерғали Бағжан – «Боран»
Шарқабаев Азамат – «Көк ойнақ»
Жексенбаев Санжар – «Жұлдыз»
Құдайберген Еркебұлан – «Ақкеме»
Әлімбаев Шыңғыс – «Гүлсары»
Қос команданың ойынына төрешілік жасағандар: Ортадағы төреші – Нұрхан Айтбаев, қапталдағы төрешілер – Салмаев Бейбіт, Жеткеров Зиябек, Әлиев Жасұлан.
Екі командада салым салған шабандоздарды атар болсақ;
Алматы қаласының еншісіндегі үш салымды да команданың белді ойыншысы Әбсеметов Ақтілек салса, облыстағы бір салымды Жаманқара Самат салды.