Жылқы тұқымын асылдандыру мәселелері талқыланады

4547

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да онлайн форматта (ZOOM) Ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдары Республикалық палатасының Ғылыми Кеңесі мүшелері мен жылқы шаруашылығы саласындағы басқа да ғалымдардың қатысуымен университеттің Ғылыми-техникалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Ғылыми техникалық кеңес отырысында:

Жергілікті жылқы тұқымдарын бағалау жөніндегі нұсқаулық туралы;

Асыл тұқымдық мәртебе беру туралы;

Жас биелерді шағылыстыру жасы туралы;

Классификатор-бонитерлерді оқыту туралы;

Тұқымдық тиесілілігін белгілеу туралы;

БМҚ (АШМ) және ГҚ (БҒМ) конкурстарына қатысу туралы бірқатар мәселе қаралады.

ҒТК отырысының нәтижесінде Палатаның жылқы тұқымын асылдандыру жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, ҚР АШМ мен БҒМ желілері бойынша БМҚ конкурсы шеңберінде ҒЗЖ жүргізу бойынша «зерттеу тобы» құрылатын болады.

ҒТК отырысына қатысу мәселелері бойынша кеңес хатшысы Ахметалиева Алия Болатовнаға 87112-501629, 8701-4119183 телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады.

Онлайн отырыс 2020 жылдың 20 қарашасында 16:00-де (Орал қаласының уақыты бойынша 15-00-де) басталады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.